Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы Бәйменовтер отбасы сырдариялықтарға етене таныс. «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші, бүгінде тоқсанға таянған Рахымжан Әбдіқалықұлы зайыбы Сапура Сейітжанқызымен 9 бала тәрбиелеп, олардан 22 немере, 3 шөбере сүйіп отыр. Балалары түрлі салада еңбек етіп, ел дамуына өз үлестерін қосуда. Ұрпақтар сабақтастығын берік ұстанған әулет қашанда абырой биігінен көрініп келеді.
Берекелі шаңырақ мүшелері әркез тәрбие мен білімді қатар ұштастырып, ата-анадан көрген тәлімді сіңіріп, қиындықты еңсеруге, белестерді бағындыруға тәр­биеленген. Осы арқылы бүгінгі таңда бірталай жетістікке жеткен отбасы мүшелері ел дамуына үлестерін қосуда.
Рақымжан Бәйменов білім саласы мен партия органдарында басшы қызметтер атқарған. «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атанған ол табанды еңбек пен қажырлы қызметті ұштастыра білді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де салауатты өмір салтын ұстанып облыс, аудан көлемінде ардагерлер арасындағы жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Ізін жалғар ұрпақтары да әке салған сара жолмен ел мәртебесі, отбасы берекесі үшін қызмет етуде.
– Өмір жолым ұстаздық қызметтен басталды. Мұғалімдіктен соң, аудандық партия ұйымында нұсқаушы, бөлім басшысы болдым. Мектеп директоры қызметін де атқардым. Ағартушылық, білім саласынан зейнеткерлікке шықтым. Отбасы – ұлы құндылық. Осындай игі шараны ұйымдастырушы жандарға алғысым шексіз, – дейді ардагер ұстаз Рахымжан Бәйменов.
Әулеттің отанасы Сапура Бәйменова «Алтын алқа», «Күміс алқа», І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордені, І-ІІ дәрежелі «Ана» медалі, «ҰОС жылдарында тылдағы еңбегі үшін», «ҰОС 70 жылдығы» медалімен марапатталған. Алтын жүректі анаға ең бастысы – перзенттерінің амандығы. Балаларының қызығын бірге көрген қос қария немерелерінің жетістігіне әрқашан марқайып отырады.
– Тәрбие бесігі – рухани тазалықтан басталады. Ата-ана, ең алдымен, өзара сыйлас­тығымен, қарапайымдылығымен, қайырымдылығымен, адалдық, шын­­шыл­дығымен, уәдеге беріктігімен, рухани және тән таза­лығымен ерекшеленуі керек. Яғни, жаман әдет-қылықтардан ада болса, адамгершілік қасие­тімен ұрпағына өнеге бола білсе, жақсы тәрбиеге сол негіз болады, – дейді батыр ана Сапура Сейітжанқызы.
Іргелі әулетте өзіндік отбасылық құндылық қалыптасқан. Бұл ұстаным, атадан балаға мұра болып қала бермек.

Н.САҒАТҰЛЫ,
Сырдария ауданы
10 маусым 2018 ж. 1 095 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области