Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ – СЕНІМДІЛІК БЕЛГІСІ

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ – СЕНІМДІЛІК БЕЛГІСІ

Көпшіліктің ішінде қарапайым ғұым кешіп жүрген соң жанымызда жүрген жақсы азаматтардың игілікті ісін көбіне байқай бермейміз. Әйтпесе, байыптап қарасақ Атымтай Жомарт атанып жүрген сахи жандар жергілікті жерде, ауылдағы ағайынның арасынан да табылады.
Кәсіп иесі қайрымдылыққа асып-тасығанынан емес, «өле жегенше бөле жейік» деп, өзінде барды өзгелермен бөлісейін деген оймен барады. Ақ жүрегімен мұқтаж жандарға көмек қолын созады. Соның арқасында «берекесін бірге көрейік» деп ашқан ісі өрге домалап, кәсібінен несібесін көріп келеді. Міне, сондай жанымызда жүрген жақсы жандардың бірі – Расул Есенов. Аты затына сай азамат жөнінде көп айтудың керегі жоқ. Өйткені, осы бір қарапайым жанның қалың елге жасап жатқан еңбегін көпшілік біледі де.
Тіптен, бір ғана аудан халқы ғана емес, оны облыс жұртшылығы таниды.
«Елге қызмет – ерге міндет» деп білетін абзал азамат жастайынан тынбай еңбек етті. Ата-анаға телміріп қарап отыруды ар санаған жас әр түрлі жұмыста жегіліп жүріп, ақырында өз кәсібін ашып алды. Осылайша, өмірге «Углесбыт» серіктестігі келген еді. Ол көмір тасумен айналысып, аудан тұрғындарына қыста «жылылық» сыйлады. Бұл еңбексүйгіш жанның кәсібінің бастамасы болатын. Жылу маусымында көмір жеткізген азамат жаз мезгілінде де қарап қол қусырып отырмаудың қамын жасаған.
Аудан орталығы – Тереңөзек кентіне құрылыс заттарын тасып, оның да игілігін ел көруде. Құрылыс заттарын сатып қана қоймай, серіктестік жұмысын кеңейтті, яғни құрылыс жұмыстарын жүргізу ісіне машықтанды. Бұл істің де шарапаты жұртшылыққа тиді.
Атап айтқанда, ауданға керекті мамандар мен аз қамтылған отбасыларға арналған үйлердің бой көтеруіне атсалысты. Аудан аумағында бірқатар құрылыс жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстардың жалғасы ретінде халықты жанар-жағармаймен қамту ісін де қолға алып, сұйық отынды арзан бағада сатуды жолға қойған.
Бүгінгі таңда ел жанашыры медицина саласына да ден қойып, дала шөптерін өңдеу жұмысын іске асыруда. Өзінің барлық қызметін елге арнаған жомарт жан аудандағы түрлі деңгейдегі шараларға демеушілік көрсетіп, мұқтаж жандардың қасынан табылуда. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясының бел ортасында жүріп, балалардың білім алуына да қолынан келген көмегін аямауда. Сырдария өзенін жағалай орналасқан ауданда су тасқыны кезінде елжанды Р.Есенов күндіз-түні техникаларын дария жағасына қойып, оның алдын алу, су тасқынын болдырмау, жағалық бөгеттерді бекіту жұмыстарында азаматтық танытып келеді.
Айта берсе, бір ғана емес, бірнеше істі қатар алып келе жатқан сырдариялық кәсіпкер ел қамын ойлайтын қалаулы азамат. Жалпы, жанымызда жүрген жерлестер мақтанышы ол – жақсы адам. Бастысы, жомарт жан жанымызда жүр.


Ердос БЕРКІНБАЕВ,
Сырдария ауданы

11 маусым 2018 ж. 680 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области