Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ОҚЫТЫЛУДА

КЕНТ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ОҚЫТЫЛУДА


Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен кент, ауылдық округ әкімдеріне арналған «Жергілікті атқарушы органдарының аймақта діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы оқыту семинары өткізіліп жатқаны мәлім.
Аталған семинар оңтүстіктегі қос ауданда – Шиелі мен Жаңақорған аудандарында жалғасты. Жаңақорған ауданында өткен семинарда облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Бақытжан Камалов кент, ауыл басшыларына дәріс оқыды.
Мемлекеттің дін саласындағы ұстанымдары мен қағидалары, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері және олармен күресу жолдары кеңінен түсіндірілді.
Ал, шиелілік әкімдерге орталық директорының орынбасары Аралбек Боранбаев пен оңалту бөлімінің басшысы, дінтанушы Жеңісбек Дәрібаев жат ағым өкілдерімен жүргізілетін оңалту жұмыстары туралы айтып өтті.
Аталған оқыту семинары алдағы уақытта өзге аудандарда жалғасады.



12 маусым 2018 ж. 594 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области