Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Кәсіпкерлер палатасының алаңында жуырда Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес отырысы өткені мәлім. Сол отырыста қаралған маңызды мәселелердің бірі — қаладағы бір топ кәсіпкерлердің «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің әрекетіне қатысты шағымы талқыланды.
Нақтырақ айтқанда, отырыста ЖК «Ким Л.И», ЖК «Хегай», ЖК «Сара», ЖК «Мусахан ата»-ның заңды өкілі «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің мамандары суды заңсыз пайдаланды деген желеумен 938 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін төлеуі тиіс деген акт толтырып кеткендігін жеткізіп, кеңес мүшелерінен кәсіпкерлердің құқығын қорғауды сұрады.
Мәселе түсінікті болу үшін назарларыңызға бір кәсіпкердің басында болған оқиғаны ұсынғымыз келіп отыр.
Осы жылдың 9 наурызында ЖК «Ким Л.И»-ге тиесілі «Сластена» дүкеніне су жүйесінің инспекторы келіп, есептегіш құралынан кәсіпкердің өкілінсіз көрсеткішті жазып алады және кәсіпкерге есептегіш құралына немесе оның көрсеткішіне қатысты ешқандай ескерту жасамайды. 12 наурызда кәсіпкерге ескертпей аталмыш дүкенге су жүйесінің мамандарынан құралған комиссия келіп, есептегіш құралының пломбасы алынып тасталғандығын айтып, 938 331 теңгеге айыппұл салып, акт толтырады.
Кеңесте су жүйесінің мамандары бұл әрекеттерін дүкенде орналасқан су құбыры диаметрінің үлкендігімен, екі айда суды тоқтаусыз қолданғанда кететін шығынмен есептегендіктерін айтты. Ал кәсіпкер су құбырының диаметріне қатысты өлшемді сол мекеменің мамандары бергендіктерін, өз тараптарынан тек тапсырманы орындағандықтарын жеткізді.
ЖК «Ким Л.И»-нің басында болған схема ЖК «САРА»-ға тиесілі «Азық-түлік» дүкенінде (80 282 теңге айыппұл), ЖК «Хегай»-ға тиесілі «Чер-Сун» кафесінде (80 282 теңге айыппұл), ЖК «Мусахан ата»-ға тиесілі дүкенде (201 505 теңге айыппұл) орын алады.
Отырыста мәселені жан-жақты талқылаған кеңес мүшелері мәселенің күрделі әрі жүйелі орын алғанын ескере келе, Келісу комиссиясын құрып, әр мәселені егжей-тегжейлі зерттеу туралы шешім қабылдады.
13 маусым күні құрамында Кәсіпкерлер палатасының, «Су жүйесі» мекемесінің өкілдері және кәсіпкерлер енген келісу комиссиясының отырысында «Ким Л.И.»-ге салынған 938 331 теңге актінің күші жойылды, ЖК «САРА» 80 282 теңге айыппұлдың орнына 20 000 теңге төлейтін болды. Ал қалған кәсіпкерлердің мәселесі әлі де қаралуда.
Мәселені шешуде «Су жүйесі» мекемесі басшылығы кәсіпкерлердің өтінішіне, кеңестің шешіміне бей-жай қарамайтындығын, кері байланысқа шығып, шешілуіне қолдау көрсете алатындығын көрсетті.
Кеңес отырысында қабылданған оң шешімнің нәтижесінде бүгінгі күнге кәсіпкерлердің осы мәселеге қатысты 998 613 теңгесі өздерінде қалатын болды.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі



14 маусым 2018 ж. 652 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области