1 ШІЛДЕДЕ ӘРБІР ТҰҢҒЫШ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИГЕ СЫЙЛЫҚ БЕРІЛЕДІ
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1 шілдеде тұңғыш дүниеге келген сәбилерге ұлттық домбыра күніне орай домбыра сыйлауға уәде берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Хабар-24" телеканалына сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматыда өткен журналистер мен сарапшылары клубының кеңейтілген отырысы барысында ұйым төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко айтты.
Сондай-ақ, отырыс кезінде Ассамбея клубының жаңа төрағасы тағайындалды.
Еске сала кетейік, 13 маусымда Қазақстанда домбыра күні пайда болатыны хабарланған болатын.