БАБАЛАРДЫҢ КӨЗІНДЕЙ ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА

Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова құттықтау сөз сөйлеп, 1 шілде сағат 00.00-де өңірімізде бірінші болып дүние есігін ашқан нәрестеге арналған ұлттық домбыра аспабын және сəбидің анасына «Айналайын» естелік тілегін салтанатты түрде табыстады.
Сондай-ақ, домбыраның маңыздылығы туралы мәтінімен естелік тілегін білдірді. Бұл сыйға төртінші сəбиін дүниеге əкеліп отырған Әйгерім Сəрсенбаева ие болды. Жаңа туылған нəрестеге Жанрабатшах есімі берілді.
Сондай-ақ, ҚХА жанындағы аналар Кеңесі төрайымы Раиса Смаханова арнайы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның жаңа азаматының өмірге келуімен ата-анасын құттықтады.
Елімізде тұңғыш рет тойланып жатқан Домбыра күнімен туған күнінің тұспа-тұс келуі баланың рухани қалыптасуына маңызды өмірлік бастама, жақсылық белгісі болмақ.
Ертеден қалыптасқан қағида бойынша нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп айтылады. Домбыра – әкеден балаға, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын асыл мұра екенін ұмытпауымыз қажет!

