АСТАНА МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ОТШАШУ

Қарақат Әбілдина, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Ардақ Балажанова, Қайрат Баекенов және «Формат» тобы және басқа да қазақстандық жұлдыздар Астананы туған күнімен құттықтайды.
Кеш хэдлайнерлері – қазіргі заманғы музыканың К-поп бағытының жарқын өкілдері Ninety One және оңтүстіккореялық Boyfriend топтары.
Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасын барша әлемге таныстыру рәсіміне қатысқан «На-На» тобы өнер көрсетеді.
Кеш соңында елорда тұрғындар мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады. Отшашу Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында болады.
Айта кетейік, мерекелік отшашу «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде трансляцияланады деп жоспарлануда.