Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ «СЛАВЯНЕ» ОРТАЛЫҒЫ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ «СЛАВЯНЕ» ОРТАЛЫҒЫ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ


    Қалалық Достық үйінде «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
    Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бірлестік мүшелерін мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
    Қазақстан Республикасындағы ресейлік отандастардың үйлестіру кеңесінің төрағасы Всеволод Лукашов «Славяне» орталығына жылы лебізін жеткізіп, бірлестік мүшелеріне Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулының құттықтау хатын табыстады.
    Сонымен қатар, бірлестік өкілдерін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева мен РФ Қазақстан Республикасындағы елшілігінің кеңесші өкілі Александр Мусиенко құттықтады.
    Кеш соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, «Славяне» орталығының «Сударушки» және «Надежда» вокалды топтары, «Наз» және «Жемчужинка» би ұжымдары, сондай-ақ, Қазақстанның өзге қалаларынан әріптестері мен достары – ақтөбелік «Купава» фолк-модерн тобы және шымкенттік «Светоч» тобы өнер көрсетті.

21 қаңтар 2018 ж. 712 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области