Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК БАЛДЫРҒАНДАРДЫ ҚУАНТТЫ

ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК БАЛДЫРҒАНДАРДЫ ҚУАНТТЫ


    А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен бастауыш және мектепке дейінгі балаларға арналған жаңажылдық шырша кеші өтті.
    Аталған бірлестіктің жетекшісі Галина Щербакова бастаған мерекелік  шыршаға бірлестікпен тығыз қарым-қатынас жасайтын №5, 23, 198, 233 орта мектеп оқушылары, өзге де этномәдени орталықтың белсенді балалары, «Анар Бэби» оқу орталығының бүлдіршіндері, жас хоккейшілер қатысты.
    Жаңа жыл мерекесіндегі шырша кешінде балғындар үшін қызықты мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Жаңа жылдық қойылымда сүйікті ертегі кейіпкерлері, Қораз, Ит кейіпіндегі басты қонақ бүлдіршіндермен әлем халықтарының түрлі ойындарын бірге ойнап, Халк, Бэтмен, Супермен және тағы басқа заманауи кинолар мен мультихикаялардың батырлары халық билерін биледі. Ал, ертегінің ең жағымсыз кейіпкері Жалмауыз кемпір гироскутермен өнер көрсетті. Фиксики жаңажылдық шыршаның шамдарын жақты.
    Рождество қарсаңында өткен мерекелік кештің соңында Қазақстандағы Ресей елшілігі атынан барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.


08 қаңтар 2018 ж. 769 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области