«БЕСІК ЖЫРЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ АНАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Байқауға ауылдық округтерден 25-40 жас аралығындағы 11 адам қатысты. Байқауға қатысушылар ең алдымен өздерін таныстырып, бесік жырын айтты. Сондай-ақ, өз өнерлерін ортаға салып, қазақтың салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.
4 кезеңнен өткен байқау нәтижесінде Бұқарбай ауылынан келген Бақытгүл Болысбекқызы І орын иегері атанса, Ақсу ауылдық округі мен Шәменов ауылдық округінен келген қатысушылар ІІ, ІІІ орынға тұрақтады. Жарыс соңында барлық қатысушыларға және жеңімпаздарға қоғамдық бірлестіктің арнайы диплом, Алғыс хат, естелік сыйлықтары табысталды.

