ҰЛТ ЖАДЫНДА ЖАҢҒЫРҒАН ТАРИХ
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атқарушы билік пен халыққа жолданған тың ұсынымдар ұлт руханиятына жаңа серпін беріп, тарихи жадының жедел жаңғыруына, оянуына оң ықпалын тигізгені жасырын емес. Бұл бағытта құрылған институттардың арнайы ғылыми-концепцияға негізделген бағдарлы жұмыстары, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан атқарып жатқан тың жобалар аталған үрдісті одан әрі тереңдете түсіп, алаш тарихындағы ақтаңдар орнын толықтырып жатыр. Елдің, жердің тарихын ұлт жадында жаңғыртып, өскелең ұрпақ бойына патриотизм рухын сіңіру бағытында жасалып жатқан жұмыстар өз жемісін береді. Бұл тәуелсіздігіміздің тірегі.
Осынау халық, ел, ұлт руханияты үшін жасалып жатқан игі істердің басында БАҚ өкілдерінің де алар орны ерекше екендігін атап өткіміз келеді. Осы орайда, белгілі қаламгер, заңгер, ҚР Мәдениет қайраткері А.Ысымовтың «Шиелі» кітабындағы өңірдің тарихына қатысты жерлерін үзіп алып, оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.
Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы аймақтың саяси-экономикалық дамуына түбегейлі өзгеріс алып келді. Теміржол құрылысы Ташкент жағынан 1901 жылғы 9 қаңтарда, ал, Орынбор жағынан 1901 жылы 10 мамырда басталды. Жол бойымен тұрақты қатынас солтүстік бөлігі Орынбор жақтан 1905 жылы 25 шілдеден, ал, оңтүстік бөлігі Ташкент жақтан 1906 жылғы 1 сәуірден бастап ашылды. Ірі бес станса – Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск және Түркістан үлкен тораптарға айналды. Перовскі мен Жаңақорған арасынан осы күнгі Шиелі аумағында Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі шағын стансалары салынды. Шиеліде депо 1905 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол кезде Шиелі стансасының депосы теміржол құжаттарында №8 стойло (тұрақ, бекет) деп те аталыпты.
Поселкеге 1854 жылы Жөлек қамалын қоқандықтардан тартып алуды басқарған орыс генералы Скоблевтің аты беріледі. Болыстық та соның атымен аталады. Патша генералдары Перовский, Скоблев атаулары Кеңес өкіметі орнаған соң өзгерді. Шиелі атауы 1919 жылы 10 мамырда Түркістан Республикасы Комиссарлар Кеңесінің №63 бұйрығымен өзгертіліп, Шиелі тарихи атауы қайтарылып беріледі.
Санкт-Петербургте 1903 жылы шыққан Түркістан және Орта Азия теміржолы бойынша тарихи очерк берілген жолсілтемеде Перовск уезінің Шиелі өңіріне де тоқталып кеткен. Әуелгі астанамыз, қазір Ресейдің облыс орталығы Орынбордың облыстық мұрағатында «Ташкент теміржолы» деген №142 қордан алынған бұл жолсілтеме деректері ғылыми айналымға қосылды.
Міне, осы жолсілтеме очеркте Шиелі өңірінің тұрмыс-тіршілігі былай таныстырылыпты: Уездің отырықшы елдімекендерінің ішінде теміржол желісіне жақын орналасқаны Жөлек (200 үйге дейін бар), 1861 жылы құрылған бұрынғы бекініс, қазір Сырдария шайып жартылай қираған мәні шама- лы мекен. Бұл мекенде учаскелік пристав басқармасы, почта-телеграф бөлімшесі, дәрігерлік пункт, орыс-түзем мектебі бар. Жөлектен оңтүстікке қарай Шиелі үлкен арығымен суарылатын құнарлы жерге 1895 жылы көшіп келген шаруалар жайғасқан Скоблевский (Шиелі) поселкесі орналасқан (56 үй бар); енді бұл поселке өзінің далада ыңғайлы орналасуына орай тез қызу сауда орнына айналып келеді. Жөлекте және айналасында топырағы құнарлы әрі суы мол жер телімдері жайластыру үшін кесіліп қойылған. 990 000 бас малы бар Перовск уезінде мал өнімдерімен далалық саудасаттық жылына 2 000 000 рубль сомаға жетіп отыр. Бұл жолсілтемені шығарудағы мақсат Ресейдегі жұмысшылар мен шаруаларды империя қосып алған жаңа жерлерге келіп қоныстануға шақыру еді.
Арада үш жылдан кейін 1907 жылы қайта шығарылған жолсілтемеден өңірдегі өзгерістерді байқауға болады. Осы жерден (Перовскіні айтады) «Бәйгеқұм» (Жөлек) стансасына дейін теміржол желісі тағы да почта жолына тақау, Сырдариядан біршама қашықтау жүріп отырады, сөйтіп «Бірқазан» стансасына жақын жерде өзен мен «Бірқазан» көлдерінің арасынан өтеді.
Станса ықпалы тиетін ауданда қазақтар тұратын «Жөлек болысы» бар (115,000 үй бар). 1905 жылы 1,510 жолаушы келді, 1,910 адам жол жүріп кетті, 30,678 пұт жүк келді, 40,500 пұт жүк жөнелтілді.
Шиелі стансасы ІV сынып (1 696 верста). Дәмхана бар. Жер тегіс (теңіз деңгейінен 70,80 сажын жоғары). 4 верста жерде 1895 жылы келген шаруалар орныққан Шиелі үлкен арықтарымен суғарылатын құнарлы жерге орналасқан «Скоблевское» қыстағы бар. Бұл құжаттардан алатын мәліметіміз Шиелі кентінің құрылған жылының анық көрсетілуі. Стансадан 4 шақырымдай жер, сонда Шиелінің әуелгі орны «Бидайкөл» («Гигант») болып шығады.
1908 жылы бүкіл Перовск уезіндегі 179 800 адамның 700-і ғана орыс екен. 1911 жылы уезде төрт қана орыс қыстағы болыпты.
1928 жылы Қазақ автономиялық республикасы бес сатылы (ауыл-болыс-уездгуберния-орталық) басқару жүйесінен төрт сатылы (ауыл-аудан-округ-орталық) басқару жүйесіне көшті. Міне, осы өзгерістер нәтижесінде, 1928 жылы 17 ақпанда Сырдария губерниясының Қызылорда уезі округке айналды, ал, оған қараған Скоблев болысы қыркүйек айында Шиелі ауданы болып қайта құрылды. Болыстықтардың орнына ауылдық кеңестер құрылды. Шиелі жерінің өркендеуінде жаңа кезең басталды.
Бірақ көп ұзамай 1930 жылғы маусымда округтер таратылып, Қызылорда округіне қараған аудандар Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. 1930 жылы 27 шілдеде Шиеліні Жаңақорған ауданымен біріктіреді де, аудан орталығы Жаңақорған болады. 1934 жылы 19 қаңтарда Шиелі қайтадан аудан орталығына айналады.
1936 жылы Қазақстан Ресей Федерациясының автономиялық республикасынан дербес одақтас республикаға айналды. Бұл да тәуелсіздік жолындағы бір қадам еді. Алматы қаласы 1929 жылдан бастап астана болды.
1938 жылы 15 қаңтарда Қызылорда облыс болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде сол жылы 8 тамызда Шиелі мен Жаңақорған қайтадан екі бөлек ауданға айналды. Қызылорда ауданына қарап келген Тартоғай ауылдық кеңесінің аумағы Шиеліге қосылды, бірақ 1967 жылы енді Сырдария деп жаңаша аталған ауданға қайтарылып берілді. Аудан аумағына қатысты соңғы өзгеріс 1995 жылы жасалды. Республикада әкімшілік шығыстарды қысқарту мақсатымен оңтайландыру жүргізіліп, бірсыпыра аудандар, тіпті облыстар қысқартылған кезде Сырдария ауданы да таратылды, Тартоғай мен Сұлутөбе әкімшіліктері Шиеліге қайта қосылды.
1921 жылға дейін Шиеліде атты әскерлердің жем-шөбін дайындаумен айналысып, жоңышқа шөбі мол егіліп келген. 1918 жылы Жөлекте алғашқы коммуна ұйымдастырылып, оған 42 адам мүше болыпты. Бұл ұжымдастырудың, отырықшылыққа көшірудің басы еді. 1926 жылы Шиелі жеріндегі 5420 қожалықтың 4660-ы қазақтар болған, олардың 946-сы ғана отырықшы екен. Шаруалар бидай, арпа, күріш, тары, жүгері дақылдарын, мақта, күнжүт, жоңышқа егумен айналысқан.
1928 жылы алғаш аудан құрылғанда Шиелі жерінде ірілі-уақтылы 59 ауыл болған екен. Сол кезден қалған «Ақмая», «Қарғалы», «Алғабас», «Ортақшыл», «Жиделіарық», «Қызыл диқан», «Жуантөбе» деген атаулар әлі бар, кейбірі ғана өзгерген. Болыстықтар орнына құрылған ауылдық кеңестер ұжымдасуға негіз болды. Әуелі туыстық-рулық жақындықтары бойынша 10-15 отбасы бірігіп мойынсеріктер, артельдер құрған. Кейін олар колхоздарға («коллективное хозяйство» деген сөздер дің қысқартылып айтылған түрі) айналдырылған. 1925 жылы ұжымдастыру науқаны басталған кезде Шиелі жерінде алғашқы 3 колхоз пайда болыпты.
Одан басқа 1924 жылы Шиеліде қуаты 25 ат күшіне тең электр стансасы салынып, күні кешеге дейін езілген бұқара халыққа теңдік әперген революция көсемі В.И.Лениннің шапағат нұрына балап, «Ильич шамы» атанып келген электр жарығы берілген. Аудан құрылған кезде телефон желісі тартылған. Халықты сауаттандыру жұмыстары жүргізілген. 1930 жылы баспахана ашылған.
Аудан 1938 жылы 8 тамызда қайта құрылып, алғашқы партия конференциясы 1939 жылы ақпан айында өткеннен кейін, іле-шала ауданның өз газеті әуелгіде 800 дана таралыммен шыға бастаған. Бірінші саны 1939 жылғы 19 наурызда жарық көрген газеттің атауы сол заманның рухына сәйкес «Стахановшы» деп аталыпты. Бұл атау сонау Украинада Донбасс шахтасында бір ауысымда нормасын еселеп асыра орындап, рекорд жасаған шахтер кенші Алексей Стахановтың үлгісі дәріптеліп, бүкіл кеңес одағында еңбекші елдің бәрін еселей еңбек етуге жұмылдырған кезеңнің ескерткіші.
1938 жылы 8 тамызда Шиелі ауда- ны қайта құрылған кезде ауданда Шиелі және Жөлек 2 кенті, 31 ауыл болған, олар 9 ауылдық кеңеске топтастырылған. Егіс көлемі 6 785 гектар екен. Аудан халқының саны ашаршылықтан соң 19 111 ғана адам болған. 23 мектепте 3 477 бала оқыған.
Әзірлеген Н.СӘДУАҚАСҰЛЫ.