Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚ

ӘР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚ


«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жасалынып жатқан «20 қайырымды іс» жобасы Жаңақорғанда да жалғасын тапты.
Кенттегі 20 мүмкіндігі шектеулі жанды аудан әкімі Ғалым Әміреев қабылдап, жылы лебізін білдірді. Игі тілекті жалғаған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев балаларға сый көрсетті. Ал, өнерлі жандар ата-аналар мен балғындарға өлең айтып, көңілдерін бір серпілтті. Өзі де жарымжан жандардың қатарында болса да, қайсар қыз Ақнұр Сматова ізінен еріп келе жатқан іні-қарындастарына әдемі ән орындап берді. Өз кезегінде аудан әкімі Ақнұрға қосүйеңкілік ағаш ұстасы Оспан Маханбетұлының қолынан шыққан домбыраны сыйға тартты.
Орайы келгенде айта кету керек елмен етене қызмет етіп жүрген бас партияға демеулік көрсеткен «Pro bono» қоғамдық қорының директоры Павел Горбачев болатын. Қамқор азаматқа ата-аналар алғысын білдіріп жатыр. Сонымен, балаларға тосын сый мұнымен бітпеді. Орталық алаңдағы алаңда емін-еркін ойнап, көңіл көтеруге мүмкіндік жасалды.Яғни, 35 бала аудан орталығындағы аттракцион ойындарына ойнатылды.
– Бұл өте игі іс. Әрине, адам баласының жаратылысы әр түрлі. Дегенмен, осындай қолдау өсіп келе жатқан жас буынға әсер қалдырары сөзсіз. Бүгін балалар барлық ойын алаңы ақысыз қызмет етеді. «Нұр Отан» партиясының қамқорлығына қанық болудамыз. Сондықтан, осындай бастамалар жалғасын таба берсін, – деді жас кәсіпкер Данияр Әбенұлы.
Мұнан шыққан кейін, ата-аналар балалар жетектеп «Атамекен» ойын-сауық кешеніне келді. Мұнда да оларға жағдай жасалды. Мәселе сыйлықта емес, ең бастысы көңілде. Олар өздерін қоғамнан бөлек санамауы тиіс.
- Көңілім толқып тұрғаны жасырын емес. Осындай шараға ұйытқы болып отырған «Нұр Отан» партиясына алғысым шексіз. Әрине, қандай ата-ана болсын баласының денінің сау болғанын тілейді. Дегенмен, өмір әр қалай. Ал, балалардың жігерін жасытпай, жігерлендіріп отырған бүгінгідей шараға рахметімді айтқым келеді. Аудан әкімі мен Мәжит Байқожаұлына ризалығым шексіз, – деді Гүлзия Халназарова.
Иә, мүмкіндігі шектеулі жандардың тағдыр таразысымен тіршілік етіп, келешегіне күдікпек емес, үмітпен қарап, болашағына байыпты қадам басуға қамқорлық жасау қашанда қайырлы іс. Сондықтан, қазақ қоғамында қамқор азаматтар көбейсе нұр үстіне нұр.





12 шілде 2018 ж. 742 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области