Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БРУЦЕЛЛЕЗДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

БРУЦЕЛЛЕЗДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

Адам ағзасына елеулі қауіп тудыратын өте жұқпалы аурулардың бірі – бруцеллез. Аталған жұқпалы аурудың қоздырушысымен адам ғана емес, барлық мал түрлері аурады.
Бруцеллез – Brucella туысына жататын және ауыл шаруашылық малдарының алты түрлі бактериялар қоздырушылары.
Ауыл шаруашылық малдарының ішінде ұсақ мал (қой, ешкі) арасында кездесетін Brucella melitensis түрі өте қауіпті және жұқпалы деп саналады. Бруцеллез ауруының алғашқы байқалатын клиникалық белгілері – буаз малдардың жаппай түсік тастауымен басталады. Осындай клиникалық белгілерді мал дәрігері негізге ала отыруы қажет, себебі сыртқы ортаға түсік арқылы шыққан бруцелла қоздырғыштарының уыттылығы мен залалдылығы өте жоғары деңгейде болады.
Сыртқы ортаға бөлініп шыққан бруцелла қоздырушылары, сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді. Сүтте бруцелла қоздырушылары 10-273 тәулік, май өнімдерінде – 10-142, ірімшікте – 25 тәуліктен 1 жылға дейін, сүзбеде – 45, ашыған сүтте – 2-30, мұздатылған етте – 320, тұздалған майда – 30-113, жүнде – 14-90, қозы терісінде – 2 айға дейін, тоопырақта – 40 тәулікке дейін, ал 5-8 см тереңдікте – 60 тәулік бойы өз өміршеңдігін сақтайды.
Сыртқы ортаны залалсыздандыру үшін 20% сөндірілген известің езіндісі мен 5% нефтализолдың эмульсиясы, 2% формальдегид, 0,5% глутаральдегидінің ерітінділері қолданылады.
Үстіміздегі жылдың 6 айында облыс бойынша 22 адам осы ауруға шалдықса, оның тек 14-і Қазалы ауданына тиесілі болып отыр. Оныңда айтарлықтай басты себебі 6 ай ішінде 415767 бас уақ мал бруцеллезге тексеріліп, 80 бас қоймен ешкі ауырған болса, соның 40 немесе 50 пайызы тек осы ауданға тиесілі.Сонымен қатар жыл басынан 184047 бас мүйізіді ірі қара малы зертханалық жолмен бруцеллезге тексеріліп 57 бас ауру мал анықталған.
Бруцеллезбен ауырған малдардан адамға ауру әр түрлі жолдармен беріледі. Залалданған құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы, қойдың жүнін қырқу, мал сою, жаппай мал төлдету кезінде, мал терісін өңдеу барысында және де басқа да жағдайлар кезінде, яғни шикі азық-түліктерді пайдалану арқылы қоздырғышты жұқтырып алуы ықтимал. Сонымен қатар малдармен тығыз байланыстағы адамдардың жеке басты гигиенасы да толық және мұқият сақталуы қажет.
Сондықтан ауруырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеу қажет.

Дәулет ИБРАГИМОВ,
Қазақ ғызыми-зерттеу ветеринария институты
Қызылорда ғылыми-зерттеу
ветеринария станциясының меңгерушісі,
ветеринария ғылымдарының кандидаты





15 шілде 2018 ж. 1 016 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области