Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚОҒАМДА БІЛІМДІ ОЗЫП ШЫҒАДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚОҒАМДА БІЛІМДІ ОЗЫП ШЫҒАДЫ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жыл сайын жариялайтын Жолдауларында қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу басты назарда екенін айтып келеді. Елбасы биылғы жариялаған “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында да жемқорлықпен күресуді назардан тыс қалдырған жоқ.
Қоғам заман көшінен қалмау үшін біз ең алдымен таза қоғам қалыптастыруымыз қажет. Ал сыбайлас жемқорлық қоғамды бүлдіре беретін болса, біз көп нәрседен қалыс қаламыз. Қай заманда да, қай елде болмасын жемқорлықпен күресу тоқтаған емес.
Дала демократиясы саналатын қоғамда өмір сүрген бабаларымыз сыбайлас жемқорлыққа кесе-көлденең тұрып, жемқорлықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбеуге, тамырын кесуге бар күшін салды. Қазақ тарихынан белгілі, “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген бір ауыз сөздің өзі сыбайлас жемқорлықпен күресуге арналған дала заңы десек те болады.
Әрине, бүгінгі уақыттың жөні басқа. Біз білімді, көзі ашық, ғылымы өркендеп дамыған, бәсекеге қабілетті тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Біреуге сый беріп, “жұмысқа алшы” дейтін, немесе тамыр-таныс салып жұмысын бітіруді мақсат тұтатын жартылай надан көзқарас келмеске кетті. Қазіргі уақыт білім мен біліктің заманы. Ал білім мен білік бар жерде таза бәсекелестікке сай қоғам болады. Бәсекелестік қоғамда білімді озып шығады.
Елбасы қазақ елінің ұлт мүддесіне бағытталған “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын бекер жариялаған жоқ. Мақалада айтылған “Прагматизм” ұғымының өзі көпшілікке үлкен ой салатыны анық.
“Прагматизм - өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдықпен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді”, - дейді Елбасы.
Үнемшілдік пен қанағатшыл қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ екені осыны меңзейді. Елбасы айтқан даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу дегенінің өзі байыпты адамға үлкен ой саларлық дүние. Кейде қоғамдағы бәсеке дегенді ой жарыстан гөрі, той жарыс, дүние жарыс деп келте түсінетін азаматтар кездесетіні көңіл қынжылтады. “Шын мәнінде адам адамнан тек ақыл-біліммен ғана оза алады” деген Абай даналығын әркез есте сақтау керек екендігін, жас ұрпаққа осыны түсіндіруден аға буын жалықпауымыз қажет деп есептеймін.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Елбасы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында жемқорлықпен күресуді назардан тыс қалдырмаған. Осы Жолдаудың “Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі” деп аталатын бөлімінде мынадай фактілерді келтірді: “Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді”, - деген Елбасы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты тежейтін бірден-бір мүмкіндік екенін атап айтты.
Атап айтсақ, “Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс”, - деп айқын көрсетті. Шынында да қарапайым тұрғын үшін цифрлы қоғамның тиімділігі аз болмайды. Елбасы атап өткендей өз өтінішінің қалай қарастырылып жатқанын, тіпті тиісті құжатының қай кезде қолына тиетіндігі бәрі-бәрі цифрлы қоғам жемісі болмақ.
Жолдауда қоғамның қауіпсіздігі мен тәртібін сақтауда да цифрландыру бізге көп көмек болатынын жеткізген Елбасы “Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек” деп атап көрсетті.
Елбасы “Төртінші өнеркәсіптік революция” деп атаған қоғамның жаңа бір кезеңі нағыз білім мен ғылым үстемдігі орнаған уақыт. Білім мен ғылымның жетістігінің арқасында біз адамзатқа жайлы ақылды қалаларда өмір сүреміз. Цифрланған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол беру мүмкін емес. Себебі, барлығы компьютер арқылы басқарылады. Қауіпсіздік пен тәртіпті де адам емес, интеллектуалды жүйелер бақылайды.
“Ақылды ұлт” үшін жасалған “Ақылды қалалар” адал еңбек, таза ниет, сапалы білім мен ғылымға құштарларға арналған. “Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық” деп Елбасы айтқандай, ақылды қоғамда өмір сүру үшін ескі көзқарастан арылып, әркім де сананы жаңғыртуы тиіс. Жаңғырған сана қоғамның игілігі тек адал еңбек, таза ниет арқылы келетінін түсінуі тиіс. Бір сөзбен айтқанда ақылды ұлт өмір сүретін ақылды қалаларда сыбайлас жемқорлық деген атымен жоқ. Ендеше, ақылды қалада өмір сүргіңіз келсе, әркім де сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс.
Заң тілімен айтар болсақ, ҚР “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңына сәйкес “Сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті” деп көрсетілген.
02 тамыз 2018 ж. 931 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области