Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРДАГЕР ЕҢБЕГІ АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕР ЕҢБЕГІ АРДАҚТАЛДЫ


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ел есінде сақталған аға буын перзенттерді кейінгі толқын – жас ұрпақтарға ұлағат етуді жүктегені белгілі.
Осы ретте Қазалы жерінде кіндік қаны тамып, туған жердің өресін биікке көтеруге ынты-шынтымен атсалысқан жаны жаз, көңілі көктем жандар жетіп артылады. Солардың қатарында соғыс және еңбек ардагері Оңдалы Сердалыұлы Кітабалиевтің есімін де аса құрметпен тілге тиек ете кеткен орынды.
Ел басына күн туған кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарында ел шебін жаудан қорғауға қатысса, бейбіт заманда ауыл шаруашылығы жұмыстарының бел ортасынан табылған. Қарапайым еңбек адамы ұзақ жыл сиыр фермасын басқарып, аталған саладағы озық тәжірибесімен танылған.
Жақында ардақты ардагердің ұрпақтарының бастамасымен Қызылорда қаласындағы «Тұмар» баспасынан «Ғибратты ғұмыр иесі» атты кітап жарық көрді.
Ұрпақтар сағынышы сарқылмайды», «Көз көргендердің кең пейілі», «Жүректен шыққан жыр жолдары» атты бөлімдерден тұратын туындыда оның өмір жолындағы асқаралы белестері, адамгершілік болмыс-бітімі жан-жақты ашып көрсетіледі. Сондай-ақ өткен күндер бейнесінен сыр шертетін фотосуреттерге де орын берілген.
«Туған жер» бағдарламасы қолға алынып, рухани жаңғыруға бетбұрған шақта Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сахи Қапардың авторлығымен шыққан кітаптың туған жер тарихын білуге ынтық жастар мен барлық оқырмандарға тигізер пайдасы мол екеніне шүбә жоқ.
08 тамыз 2018 ж. 600 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области