Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА: КӘСІПКЕРЛІК КЕҢ ӨРІС АЛЫП КЕЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДА: КӘСІПКЕРЛІК КЕҢ ӨРІС АЛЫП КЕЛЕДІ

Қарауылтөбе ауылдық округінде кәсіпкер Досхан Жүнісов құны 2 млрд. теңге тұратын ауылшаруашылық кешенін салды. Бұл кешен 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Кешен аумағы 6 гектарды қамтиды. Бұл аумақта мал бордақылау алаңы, өнімділігі жылына 500 тонна құс етін өндіретін 800-1000 бас аралығындағы тауық фирмасы, жылына ангус тұқымды сиыр етінен 1000 тонна етті экспортқа шығаруға қауқарлы мал сою пункті, жылына 20 тонна шұжық өнімдерін дайындайтын цех, және жылыжай орналасқан.
Осы және өзге де кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысын Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аралап көрді.
Келесі нысан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының қаржысына Қызылорда қаласының «Қараторғай-1» өңірінен салынған 120 дана жылыжайлар кешені.
«Натишаева» ЖК-ның бастамасымен осы аумақтан 2017 жылы 50 данасы және үстіміздегі жылы 70 данасы іске қосылған жылыжайда көкөністің қызанақ, қияр, аскөк пен көк жуа дақылдары өсірілуде. Бұл жылыжайларды кәсіпкер 2026 жылға дейін лизингке алған.
Шаһар басшысы жұмыс соңында Ақсуат ауылдық округінде орналасқан «Самұрық құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысын да назарға алды.
Бұл шаруашылық өз кәсібін дөңгелету үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан жеңілдетілген негізде 28 млн. теңге несие алып және өз қаражаты есебінен 75 млн теңге қаражат жұмсаған. Қазіргі таңда 20 мың құс ұстайтын екі ангар құрылысын салып, ол жерге 13 мың құс орналастырған.
Өз өнімдерін нарыққа шығару үшін «Сапсан гарант» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, күніне 7-8 мың дана жұмыртқаны қала халқына ұсынуда.
Қазіргі таңда құс фермасына 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, алдағы уақытта қосымша 10-15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Қала басшысы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына септігі мол осындай серпінді жобаларды жүзеге асырып отырған кәсіп иелеріне риясыз алғысын білдіріп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаларды қолдауға қашан да дайын екендігін жеткізді.


08 тамыз 2018 ж. 1 390 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области