ЛАГЕРДЕГІ БАЛҒЫНДАР ҚУАНЫШЫ

Мұнда манаптық жас өрендер жазғы демалысын қызықты өткізуде. Жақында лагерьде «Демаламыз күлеміз, Көңілді күнді сүйеміз!» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында мектеп директоры Жанәділ Ибрагимов балаларға жылы лебізін арнап, олардың жақсы тынығуына тілектестігін білдірді.
Лагерь өрендері де қарап қалмады, өз өнерлерін көрсетті. Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған балғындар – Мерей Өмірзақ «Көңілді күн» әнін шырқады. Арафат Өмірзақ, Нұрасыл Шадман, Аршын Толқынбай және Ақжайық Абай, сондай-ақ, өзге де жеткіншектер ән мен күйден шашу шашты.
Тәлім-тәрбиелік мәні зор шарада жеткіншектерге туған өлке тарихынан қызықты мағлұматтар айтылды. Оқушылар да тақырыпқа байланысты өздерінің ойларын ортаға салды.
Рахима КАМАЛОВА,
лагерь басшысы