Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ


Сырдария аудандық мәдениет үйінде ауданның 90 жылдық айтулы мерейтойына орай «Тамыры терең, тарихы кемел – Сырдария» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына елімізге белгілі ғалымдар, жазушылар, мәдениет, өнер қайраткерлері, тарихшылар, зерттеушілер, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, Қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Ғылыми практикалық конференцияның ашылуында Қазақстанның эстрада жұлдызы Е.Әбдіхалықова «Сыр елі» әнін орындады. Мұнан кейін Сырдария ауданы туралы деректі фильм көрсетілді.
Конференцияны облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының диреткоры Н.Мыңжас ашып, жүргізді.

Сонымен бірге, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов Сырдария ауданының 90 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың құттықтау жеделхатын оқыды.
Конференция барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов, еңбек ардагері Д.Айсина қойнауы қазынаға толы, жері киелі, тарихы шежірелі серпінді Сырдария ауданы – Сыр өңіріндегі іргелі, алдыңғы қатарлы аудандардың бірі екенін айтты.
Құрметті меймандар ынтымақ пен бірліктің түпқазығы болып саналатын ауданында тұрғындар игілігі үшін соңғы жылдары жасампаз жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, халықтың бірлігінің нәтижесінде жүзеге асқан жүйелі жұмыстарды өзге өңірлер өз тәжірибесіне енгізіп жатқанын жеткізді.
Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы аудан басшысы мерейлі мерейтойға келген қонақтарға аудан халқының атынан алғысын білдірді.
Айта кету керек, бүгін басталған мерейтой ертең спорттық жарыстар, аудан жастарының танымал тұлғалармен кездесуі, театрландырылған көрініс, гала концерт, лазерлік шоу секілді іс-шаралармен жалғасады.
10 тамыз 2018 ж. 1 366 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области