Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ – ҚАНЫМЫЗДА БАР ҚАСИЕТ

БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ – ҚАНЫМЫЗДА БАР ҚАСИЕТ

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сіздің ең дұрыс шешіміңіз.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Білімді, көз ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет», - дейді. Демек, қазақ деген өміршең ұлттың ұрпағы өз қанындағы қасиеттен қашықтамауы тиіс. Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім.
Сіз мектеп пен жоғары оқу орынында өзіңіздің қолыңызда болатын қарудың сұлбасын жасайсыз. Ал қорғану үшін немесе деңгейіңді өсіру үшін ол қарудан оқ атып, білім деңгейіңді көрсету қажет болады. Сіз ататын оқ – өз бетіңізбен көңіл көкжиегіңізді дамыту мақсатында жинаған біліміңіз.
Адам өз-өзін әрдайым дамытып отыруға тиіс. Өйткені, заман күннен күнге қарыштап жылжып барады. Егер сіз бір орында тұрып қалсаңыз дәуір талабынан кейіндеп қалғаныңыз. Кейіннен көштің басын қуып жету қиынға айналып, соңғы қатарда шаң қауып қала бересіз. Ал бұл дүние адами құлдырауға әкеліп соғады.
Сондықтан, білім ал, қаныңда бар қасиетіңді көрсет! Білім қаруыңды күн сайын «оқта»!

13 тамыз 2018 ж. 1 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области