Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУ: РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУ: РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша Шиелі аудандық орталық кітапханада «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал, осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында аудан көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондықтан, еліміздің жарқын болашағына бағытталған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы ұсыныстар, айтылған ойлар өмірімізге жаңаша серпін беретін батыл қадам деп есептейді.
Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр
Жазу – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Сондықтан жазу, алфавит адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз.
Шара барысында кітапхана директоры Г.Жақыпова латын әліпбиіне көшу маңыздылығын және латын графикасының жаңа нұсқасы туралы мағлұмат берді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар латын графикасы негізінде қазақ әліпбиінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салып, латын қаріпіне көшудің оңтайлы екенін, әр адам ынта-ықылас танытуы керектігін тілге тиек етті.
Оқу залында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Яғни, латын әліпбиіне орай жасақталған кітап көрмесі жыл бойы жалғасын таппақ.
27 тамыз 2018 ж. 931 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области