Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – еліміздің Конституциясы қабылданып, «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Осылайша Республика Конституциясының күні – барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамға айналды.
Ата заңымыздың назар аударатын басты ерекшелігі – бұған дейінгі Конституциялар өкілдік органдар арқылы қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданып, еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп алды.
Осы атаулы күнге байланысты облыс орталығындағы «Ақмешіт» музей филиалы «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» атты фотокөрме ұйымдастырды. Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары, әсіресе, жастар тамашалады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы әрі жоғары заң күші бар акт болып табылады. Ол – құқықтық жүйенің фундаменті, мемлекеттің негізгі құқықтық құжаты. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық қоғам, құқық салаларының заңдық базасы, ал оның нормалары басқа нормалар үшін жетекші фундаменттік қағида болып саналады. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – «Ақмешіт» музейі Конституция күніне орай «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» атты фотокөрме ұйымдастырып отыр», - деді филиал меңгерушісі Кенже Ахметова.
Көрменің түпкі мақсаты – келушілерге Ата заң туралы түсінік беру, саяси санамен таным белсенділіктерін арттыру. Бұған қоса, аталған көрмеге музей қорындағы құнды құжаттар, кітаптар, фотосуреттер қойылды.
Көрме 30 тамызға дейін жалғасын табады.

«Кызылорда-ньюс»




29 тамыз 2018 ж. 1 385 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области