Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РОБОТОТЕХНИКА: 12 МЕКТЕП ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚҚА ДАЙЫН

РОБОТОТЕХНИКА: 12 МЕКТЕП ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚҚА ДАЙЫН


Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «балалар технопарктері желісін» қалыптастыру арқылы әлемнің озық ғылымында бәсекелестікті арттыру қажеттілігін тапсырды.
Осы бағыт-бағдарда оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында инновациялық үйірмелер пайда бола бастады. Оның бір айғағы, өткен жылы ауданда 3 робототехника үйірмесіне оқушылар қатысып, тырнақалды робототехникаларын құрастыруда қарымды екенін байқатқан еді.
Мәселен, 2018-2019 оқу жылында Жаңақорған ауданының 12 мектебі робототехника үйірмесі іске қосылмақ. Мұны Жаңақорған аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова айтты.
Облыстық білім басқармасы жаңа оқу жылында Сыр өңірінде 9 мектеп үйірмесіне және 4 инновациялық мектепке «3D-модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабораториясы» алынуын жоспарлапты. Тарқатып айтсақ, «Робототехника», «3D-модельдеу» және «Цифрлық білім беру лабораториясы» секілді жаңа оқу кәбинеттері жасақталмақ.
Ал, Жаңақорған ауданында 12 мектепте робототехника үйірмесін ашып, оқушыларды заманауи білім алуға мүмкіндік ашылмақ.
– Өткен жылы ауданда небәрі 3 үйірме жұмыс жасағанымен, оқушылардың ынтасы, жетістігі және белсенділігі жоғары болды. Бұған облыста өткен робототехника сайыстарынан алған жүлделері мысал бола алады. Жуырда ғана өткен додада жаңақорғандық 9 оқушының 6-ы жүлдемен оралды. Бұл, әрине, ашылғанына санаулы жыл толған үйірме үшін үлкен жетістік. Енді осылардың қатарына 12 үйірмені қосылады, мақсатымыз – шалғай ауылдағы балалардың заманауи құрылғылар туралы білімін қалаптастыру, – деді бас инспектор.
Сонымен, биыл инновация игілігін №3, №54, №125, №160, №163, №168, №169, №184, №229, №208, №209 және №239 мектебі игермек. Үйірмелерді жүргізу үшін ұстаздарды арнайы курстардан өткізіп, сертификат берілген. Ендігі мақсат алдына келген оқушыға робототехника ғылымына бағыт-бағдар беріп, жаңа бағдарлама аясында жұмыс жасаса болғаны.
Робототехника үйірмелерінің көш басында перспективалық ісімен алда тұрған тәрбие орталығынның үйірмесінің робототехника кабинетінің шебері Дастан Кадиров құлтемірлерді құрастыру һәм бағдарламаға икемдеу үлкен ізденісті талап ететін айтты. «Роботқа жан беру үшін ең алдымен бес ғылымға жүгінесіз. Яғни, бала информатика, бейнелеу, матиматика, физика және тіл білімін меңгеру қажет. Құрастырғыштардың инструкциясында көбіне ағылшын тілінде мәлімет жазылатындықтан ағылшын тілін жетік білу шарт. Міне, роботтардың бір ғана қимылы үлкен ізденіске толы», – деді маман.
Аудандағы №54 Ж. Қыдыров атындағы мектептің ұжымы робототехника кабинетін жасақтапты. Мұнда балалар робототехника сабағын өтіп, құлтемірлердің құрылысы жайлы алғашқы түсінігін қалыптастырмақ. Ауыл балаларына мол мүмкіндік берген жаңалық туралы мектептің информатика пәнінің мұғалімі Құрмет Өтемісов ойын былайша жеткізді:
«Бұл жаңалықпен бірге ауылы балалары ғаламдық прогреске жақындай түспек. Бұрын тек қана қаланың үздік оқу орнында ғана мұндай сабақтар жүрсе, бүгінде ауыл балаларының инновациясын көтеру үшін робототехниканы үйренуді алға қойды. Биыл 6 сынып пен 10 сыныптың сабақ кестесіне робототехника пәні енді. Демек, мектепте 58 бала осы пәнмен сабақ оқитын болады. Бұл ұзтазға да, оқушыларға да ізденіс жолына түсуге, дамыған елдің көшіне ілесуге күш біріктіруге шақырып тұрғандай».
Білім бөлімі робототехника сабақтарын оқытатын ұстазға нақты талаптар қоюда. Мәселең, бес пәннен хабары бар, қарым-қабілеті жоғары деген ұстаздар іріктеліп, жастарға робот құрастырудың қыр-сырын үйретеді.
Айта өтейік, робот құрастыруда көшбасшы елге айналған Жапония Қазақстандық жас өнертапқыш бүлдіршіндерінің жұмысын жоғары бағалай бастады.
11 қыркүйек 2018 ж. 918 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области