Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АДАМДАР ҮЗІЛІССІЗ ЖҰМЫС ІСТЕСЕ...

АДАМДАР ҮЗІЛІССІЗ ЖҰМЫС ІСТЕСЕ...

Бүгінгі таңда әлем бойынша жұмыс уақыты көбейіп жатқаны белгілі. Әрине, бұл жазатайым оқиғалар санының көбейіп, күйзеліс деңгейінің артуына, тіпті, физикалық ауруларға алып келуі мүмкін. Алайда бұл жерде басты мәселе адамдардың өздеріне аз жұмыс уақытын бере алмайтынына келіп тірелетін сыңайлы.
Халықаралық еңбек ұйымының соңғы статистикалық мәліметтеріне сенсек, бүгінгі таңда әлем бойынша 400 миллион адам аптасына 49 немесе одан да көп сағат жұмыс істейді. Ал әлемде 1,8 миллиард адамның жұмыспен қамтылғанын ескерсек, бұл көрсеткіштің қаншалықты көп екенін аңғаруға болады.
Жақында The New York Times басылымына сұхбат берген Илон Маск зауыттағы жұмысына берілгені соншалықты, өзінің туған күні туралы ұмытып кеткенін айтты. Ол үшін туған күн 120 сағаттық жұмыс аптасындағы қарапайым күндердің бірі ретінде өте шыққан. Бұл мәлімет оның табынушыларын таңғалдырса да, олар мұны электр автокөліктерін құрастырып, Марсты бағындырғысы келетін жан үшін қалыпты жағдай ретінде қабылдады. Дегенмен, бұл жағдайдың қауіпті жағы да бар.
Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты – әлем бойынша қалыптасқан жұмыс мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ұзақ жұмыс істеу мәдениеті көп нәрсеге қол жеткізіп, мақсатқа жетудің жолы болып көрінуі мүмкін. Әрине, оның құны да жоғары. Дегенмен, артық жұмыс істеу адамның жұмыс өнімділігін қысқартып, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Тіпті бұл адамдарда белгілі бір аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Соған қарамастан миллиондаған жұмысшылар бұған қарсы тұра алмай келеді. Оның ішінде медицина мамандары да, фрилансерлер де, экономистер де бар. Бұл жағдайда не болады? Сенбі күні де кешке жұмыс істемейтіндер не істейді? Басқалары ше?
Адамда ауру пайда болуы мүмкін
Көп жұмыс істеген адамның шаршайтыны, сәйкесінше, жұмыс орнында төтенше жағдайға немесе жазатайым оқиғаға тап болу мүмкіндігі көп болатыны айтпаса да түсінікті. Алайда бұл айтқанымызды дәлелдеу – қиынның қиыны. Әрине, кейбір жұмыс орындары жұмыс сағатының көп болуын талап етуі мүмкін немесе көп жұмыс істейтін адамдарда қауіп-қатердің болу мүмкіндігі де көп болуы ықтимал. Дегенмен, АҚШ-ғы 13 жылдық жұмысқа орналастыру көрсеткіші сараланған зерттеу барысында жұмыс сағаты көп жұмыс орындарында жарақат алу көрсеткіші басқаларға қарағанда 61%-ға артық болғаны анықталды.
Бұл нақты зерттеу мұндай қауіптің болуына адамдардың шаршауы әсер етті деп айтуға негіз бола алмайды. Дегенмен ол да әсер етпей қоймайтыны анық.
Мысалы, егер сіз таңертең сағат 8-де тұрып, түнгі сағат 1-ге дейін ұйықтамай жүрсеңіз, яғни 17 сағат бойы дем алмасаңыз, сіздің физикалық көрсеткіштеріңіз де әлсіреп, қанында 0,05% ішімдік бар адамнан да нашар деңгейде болады. Басқаша айтсақ, бұл дұрыс деуге де болады. Себебі сіз «жұмыспен» масайрап жүресіз. Ал егер сіз таңғы 5-ке дейін ұйықтамасаңыз, қаныңызда 0,1% ішімдік бар кездегі жағдайға түсесіз. Ал бұл көрсеткіш көптеген мемлекеттерде автокөлік жүргізуге тыйым салуға негіз болатыны белгілі. Осылайша көп жұмыс істеген адамның физикалық өнімділігі кеміп, ішімдік ішкен адамдікіне теңеседі. Тіпті адамның қабылдауы, координациясы, қозғалысы да өзгереді. Жоғарыдағы көрсеткішпен адамдарға автокөлік жүргізуге тыйым салынып жатқан болса, жұмыстан сондай деңгейде шыққан адам үшін де бұл қауіпті жағдай емес пе? Әрине, компьютерде мәтін теру қиын жұмыс болып көрінбеуі мүмкін. Дегенмен, кез келген қол жұмысы немесе физикалық еңбекте адамның детальдарға мән беруі маңызды орында болатынын да ескерген жөн.
Алгоритмдік «қамшы»
Әрине, көптеген адамдар өздерін қақпанға түскендей сезінеді. Себебі көп жұмыс істемесе, көп ақша тауып, қарыздарын төлеп, күн көрісіне қаржы жеткізе алмай қалуы да мүмкін. Олар жүйеге қамалып қалған. Себебі тұрмыстық жағдай артық жұмыс істеуге немесе түнгі уақытта да жұмысқа қалуға мәжбүрлеп тұрған болуы мүмкін.
Мысалы, мұндай жағдай АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа секілді мемлекеттердің кәсіпкерлері жалдап отырған Оңтүстік Шығыс Азия мен Африкада жиі кездеседі. Бұл елдерде ірі компаниялар фрилансерлік платформа құрып, арзан жұмыс күшін пайдалануды әдетке айналдырған.
Оксфорд университетінің профессоры Алекс Джоуд жүргізген зерттеулерге сенсек, мұндай жұмыс күшін таңдайтын алгоритм ұзақ уақыт жұмыс істеуге итермелейді. Яғни, жұмысқа тұру үшін олар кез келген уақытта байланысқа шыға алуы керек. Осылайша олар жұмысшыларды аз ақшаға көп уақыт жұмыс істеуге итермелейді. Джоудтың айтуынша, мұндай жұмысқа тұратындар «Маған ақша төлеп отырған адам үшін күніне 18 сағат болса да неге жұмыс істемеске?» деген пікірді ұстанады екен.
Мұндай жұмыс моделі көптеген экономика салаларында кездесіп жатады. Мысалы, АҚШ-та кейбір жүрізушілердің 20 сағат бойы жүргенінен кейін Ұлыбританияда Uber парламент сұрауынан кейін жүргізушілерге 10 сағаттық шектеу қойғаны белгілі.
Профессордың айтуынша, бұл жағдайда ең басты қауіп ұйқының аздығында болып отыр. «Адамдар өте ұзақ жұмыс істемесе, олар өнімдірек болады. Алайда кәсіпорындар мен адамдар өздерінің өнімділігін арттыра алмайтынын түсінбейді. Ал түнде де жұмысын жалғастыруға мәжбүр адамда өнімділік қандай болатынын өзіңіз елестете беріңіз!», - дейді Джоуд. Оның айтуынша, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропадағы фрилансерлердің жайы басқа. Себебі оларда еңбек ақысы лайықты бағаланады. Ал біршама елдерде жағдай қиын. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, сауалнамаға қатысқан жұмысшылардың 60%-ы аз уақытта көп жұмыс істегендерін айтса, тең жартысы жұмыс жылдамдығын арттыруға мәжбүр екендерін, ал 22%-ы жұмыс соңында физикалық тұрғыда ауырлық сезінгенін айтқан.
Үнемі байланыста болу
Бүгінде жұмыс уақыты біте салысымен кеңседен шығып кететін кезең келмеске кеткен. Ал тексеріс пен хабарламаларға жауап беру кейбірі үшін мәжбүрлік емес, қалыпты жағдайға айналғандай. Бір жағынан бұл адамдарға бәсекелестерінен оза шабуға септігін тигізуі мүмкін, ал үнемі байланыста болу оларға отбасымен уақыт өткізіп, жұмыстан қол үзбеуге мүмкіндік береді. Берлиндегі SRH Hochschule орталығының зерттеушілері дайындаған 2006 жылғы ғылыми құжат мәліметтеріне сенсек, мобильді технология жағдайды ушықтыра түседі. Себебі басшылық та, менеджерлер мен әріптестер де басқа қызметкерлердің белгілі бір жұмысты орындауы үшін үнемі байланыста болатынына сенімді болады.
Дегенмен, «байланыста болу» – жұмыссыз отыру деген сөз емес. Соған қарамастан біз екі жағдайды екі түрлі қабылдаймыз. 2016 жылы жүргізілген зерттеулерге сенсек, күйзеліс деңгейіне әсер етіп, «күресу немесе жүгіру» әрекетіне жауап беретін кортизол атты гормонның деңгейі үнемі «байланыста болатын» адамдарда таңғы уақытта сол күні жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда жылдам артады екен.
Бұл гормон біз ұйқыдан тұрған кезде артып, күннің басқа уақытында азаяды. Ал ғалымдардың айтуынша, күнделікті күйзеліс факторлары оған бірнеше жолмен әсер етеді. Егер адам күннің күйзеліске немесе қарбаласқа толы болатынын күтсе, гормон деңгейі өзгермейді. Яғни, үнемі байланыста жүретін адам жұмыс пен демалыс күнін ойша да ажырата алмай, күйзеліске ұшырайды. Басқаша айтар болсақ, «байланыста болатын» адамдар жұмыстан тыс уақыттың жеке өзіне тиесілі екенін сезбегендіктен, олардың күйзеліс деңгейі арта береді.
Не істеу керек?
Сіз Илон Маск секілді ақылды болсаңыз да, бірнеше күн қатарынан үзіліссіз жұмыс істеу дұрыс емес. Айта кету керек, Илон Маск туралы бұл мәліметті инвесторлар қуана қабылдамады және NYT-қа берген сұхбатынан кейін Тесла акциялары 8,8%-ға төмендеп кетті. Бұған себеп – оның күн тәртібі Масктың психикалық денсаулығына күмән келтіре бастады.
Әрине, мұндай жұмыс кестесімен арасында бірнеше күн демалып аламын деп ойласаңыз, ол денсаулығыңызды қалпына келтіруге еш әсерін тигізе алмайды. Ал өзінің шаршағанын басып, өнімділігінің азаюын тоқтата алмайтын фрилансерлерде жағдай бұдан да төмен.






11 қыркүйек 2018 ж. 689 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области