Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАНАПҚА АРНАУ

МАНАПҚА АРНАУ


Манап Көкенов – туған жердің тау тұлғасы, қарт Қаратаудың қыраны, Сыр сүлейі, халық ақыны. Осылай деп жуырда қызылордалық жыраулар тербесе, жаңақорғандық жас жазба ақындар Манап аталарына өлең арнады. Ақынның 90 жылдығына орай «Теңіз тектес – тектілік» атты жыр мүшайрасында жас таланттылар бас қосып, маржан сөзден інжу терді. Орталық кітапханада өткен мүшайрада жүректен шыққан өлеңдерін ұсынды.
Ақынның шығармашылығын насихаттау, жастар арасынан тума таланттыларды анықтап, олардың поэзияға құштарлығын арттыу мақсатында ұйымдастырылған мүшайраның ережесі бойынша мектеп жасындағы жас дарындар жарыса топқа түсті.
«Мен болашақ елімнің тірегі болам, ұлтаны,
Ақын болып жаралған Манап ата ұрпағы...» деп топқа түскен жас ақындар Манап Көкеновке арнауын оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыпта өлеңдерін ортаға салды. Аудандық мәдениет үйі мен кітапхана ұжымының бірлесе өткізген жыр аламанына әділ төрелігін берген М.Көкенов шығармашылық өнер мектебінің директоры Уәли Ибрагимов пен облысқа белгілі ақын Ерсұлтан Мұстафаев болашақ Манаптың ізін жалғайтын өрендерге сәттілік тіледі.
Әрине, қаламынан жыр төгіліп, көздерінен от ойнап тұрған жастарды даралау қазыларға қиын болды. «Манап ақынның өзі айтқандай, шын ақынды екі тармақ өлеңінен таниды», демекші суырып салмалылығын байқағысы келген Уәли аға бастаған қазылар алқасы өлеңдері көңілден шыққан ақындарға мүмкіндік берді. «Күз» тақырыбында үш оқушы аз уақытта шабыттарын шыңдап көрді. Ал, жанкүйер ұстаздарға Әбсұлтан Байгенжеев ән арнап, қобалжыған тәлімгерлерге рухани сый көрсетті.
Сонымен алғашқы болып өлеңін оқыған Дильназ Мәдібекова жүлделі үшінші орыннан көрінсе, Нұрсел Мейірхан екінші орынды иеленді. Ал, жарыс жеңімпазы №125 орта мектептің оқушысы Айтжан Сержан бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталса, қатысушыларға «Алғыс хат» табысталды. Ал, шәкірттеріне демеу бола келген ұстаздарға да құрмет көрсетілді.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру бағытында ауданның 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп жатқан Манап ақынның мерейлі тойы шығармашыл жастарға шабыт сыйлап келеді. Тұлпардай топта шабысына шаң жуытпауға тырысып, ізденіп жүрген шәкірттерді бөліп жаруға болмайды. Десе де, ұйқасынан гөрі, әрбір сөзінің мағынасынан ой түйетіндей өлең арнаған ақындарды дараладық. Ең бастысы, жастардың шабыты шалқардай терең болсын, – деді қазылар алқасының төрағасы.
Иә, жыл басынан бері қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосқан ауданның ұлы тұлғаларына арналған жыр мүшайлалары жалғасын тауып келеді. Осыдан ой түйгеніміз Жаңақорғанда жас ақындардың көбейіп келе жатқандығы.
– Ең бірінші ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Шығармашыл жолда бағыт көрсетіп жүрген ұстаздарыма рахмет. Менің де арманым ақиық ақындардай жырдың алыбы болу. Сондықтан, бала арманыма қол созып келемін, – деді мүшайра жеңімпазы.
Бірде теңдік деуші едік ерте-кеші,
Шындық жеңді – еңбектің нәтижесі.
Қазағым тәуелсіздікке қол жеткізіп,
Бұл күнде биіктеп тұр мәртебесі, – деп Манап ақын егемендікті жырлап өткендей, сол тәуелсіз елдің өскелең ұрпағы бүгінгідей жастардың шығар биігі шыңда, шабыты қашанда шырқау шегінде болсын деген ниеттеміз.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
17 қыркүйек 2018 ж. 1 059 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области