МӘДЕНИЕТСАЛАСЫНДАҒЫ МЕРЕЙЛІ ЖЫЛ
«Биылғы жыл Жаңақорған ауданының тұрғындары үшін мерейлі жыл десек артық емес, өйткені биыл Жаңақорған ауданының құрылғанына және халық ақыны Манап Көкеновтың туылғанына 90 жыл тоалды», - деді аудан әкімі Ғалымбек Әміреев баспасөз мәслихатында.
Мәдениет саласы бойынша биылғы жылы бірқатар республикалық, облыстық және аудандық шаралар жоғары деңгейде өтуде.
Жыл басынан бері ауданға еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, елге белгілі ақын, жазушы нар тұлғаларыдың құрметіне бірқатар мәдени кештер өткізілді.
Қазақтың көрнекті дирижері, ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Төлепберген Әбдірашевтің 70 жылдығына арналған облыстық вокалистер (академиялық ән салу) конкурсы, «Тарих таңдаған Астана» атты облыстық жас жазба ақындар мүшәйрасы, шығыстанушы, саясаткер, кеңестік мемлекет қайраткері, журналист, әдебиетші ғалым, елші Н.Төреқұловты еске алу мақсатында «Тұран елдің тау тұлғасы» атты жазба ақындар мүшәйрасы, Социалистік Еңбек Ері, белгілі қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтің 95 жылдығына орай "Сыр елінің сүйікті перзенті" атты аудандық жазба ақындар мүшайрасы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылды.
Жаңақорған ауданының 90 жылдығы мен халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай мерейтойлар және барлық басты шаралар қыркүйек – қазан айларында өтеді.