Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Сыр елінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған алғашқы интернет-ресурс іске қосылды. Қызылорда қаласында арнайы http://www.qorda.kz/ сайты өз жұмысын бастады.
Бұл сайт Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арқылы «Арнайы сайт жұмысын үйлестіру» жобасы бойынша жүзеге асырылды.
Жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылды және сайтты дайындау, ашу жұмыстары «Ұшқыр Жебе» ҚҚ-мен жүргізілді.
Сайтты құрудағы басты мақсат – жерлестеріміз бен қала қонақтарына ақпараттық қол жетімділік пен барынша ыңғайлы жағдай жасау.
Себебі, бұл сайтта қаламыздағы әлеуметтік нысандар (емхана, аурухана, мемлекеттік мекемелер, т.б.), мәдени ошақтар, ойын-сауық орталықтары, демалыс орындары, саябақтар, мейрамханалар мен қонақ үйлер секілді қажетті барлық нысандардың мекен-жайы көрсетілген.
Сондай-ақ, ең танымал деген ақпараттық, танымдық сайттарға жылдам қол жеткізу үшін "Пайдалы сайттар топтамасы" қарастырылған.
Бұл интернет ресурстан Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейлі мереке аясында ұйымдастырылатын барлық шаралар туралы толық ақпарат алуға болады.
Ең маңыздысы – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған аймақтағы алғашқы интернет-ресурс.
Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, сайттың сол жақ жоғарғы тұсында орналасқан белгілерді басу арқылы, қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, Вконтакте, Іnstagram, Qyzylorda Open) парақшаларына тікелей кіруге мүмкіндік жасалған.
Тағы бір жағымды жаңалық, жақын күндері «Ақылды қала» жобасы аясында қала тұрғындары мен қонақтарының қала әкімдігімен тікілей байланыс жасау үшін, мәселелерді дер кезінде шешуге арналған «Q City» атты мобильді қосымшасы іске қосылады.
Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылған бұл мобильді қосымша, арнайы Android және IOS платформаларына жасалып, 2 тілде барлық ұялы телефондарға жүктеуге мүмкіндіктері қарастырылған.

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі
19 қыркүйек 2018 ж. 628 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области