Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КЕЗЕКТІ ШАРА МАМАНДАРДЫҢ ШИРАҚТЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

КЕЗЕКТІ ШАРА МАМАНДАРДЫҢ ШИРАҚТЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде 2018 жылы мекеменің әкімшілік ғимаратындағы қызметкерлердің өрт шыққан жағдайда іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында Қызылорда қаласының №2-ші мамандандырылған өрт сөндіру мекемесімен бірлесе атқарылған «Өрт болған жағдайда» оқу-жаттығу сабағы өткізілді. Шара барысында өрт сөндіру экипажы автокөлігімен, мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған өртті сөндіруші топтар қатыстырылды.
Өрт қаупі туындаған және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, алғашқы медициналық көмек беру, іс-құжаттарды және мекеменің мүлкін сақтап қалу бойынша жеке құрамға нұсқаулық жүргізілді. Әкімшілік ғимаратындағы арнайы есепке алу бөлімінде кенеттен өрт шығу салдарынан өрт-дабыл жүйесі қосылады. Өрттің шыққаның арнайы есепке алу бөлімінің қызметкері байқап, уақытында орталық басқару пультіне хабарлайды. Орталық басқару пультіндегі бақылаушы-оператор мекеме бастығының кезекші көмекшісіне баяндап, тиісті шаралар қабылдады. Мекеменің сыртқы және ішкі қарауыл күзеті күшейтіліп, бекеттерге қосымша бақылаушылар қойылып, белгіленген тәртіппен әрекет жасады.Әкімшілік ғимаратында мекеме қызметкерлерінен құралған ерікті өрт жасағы алғашқы өртті сөндіру шараларын қабылдап, дер кезінде келген өрт сөндіру экипажы толықтай орын алған өртті сөндіру шараларын қабылдады.
Өрт оқиғасы бойынша оқу-жаттығу сабағының өткізілуі кезеңінде мекеменің жеке құрамының іс-әрекетін қорытындылау жүргізілді. Оқу жаттығу шаралары қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Өз өмірі мен материалдық құндылықтардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған кезекті жаттығу жоғары денгейде дайындықты көрсетті.


ЗК-169/1 мекемесінің
Режим және күзет бөлімінің
ведомоствалық өрт қауіпсіздігінің
инспекторы
әділет аға лейтенанты А.Батырбеков
22 қыркүйек 2018 ж. 545 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области