Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Облыс орталығында қалалық, аудандық білім бөлімдері, аймақтағы жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, мектептер мен балабақшалардың басшылары, сондай-ақ қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Конференцияны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Конференцияда білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептерін жою бойынша сұрақтар талқыланды.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес, облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры А.Жүнісов, осы университеттің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Л.Қаржаубаева, білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, білім саласының құрметті ардагері Г.Қалмұратовалар хабарлама жасады.
Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Бағдат Ізкенов өз хабарламасында былай деді: «қалалық және аудандық білім бөлімдері мектеп басшыларын тағайындау барысында олардың соттылығын тексерумен ғана шектеледі. Облыста білім беру саласында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды мемлекеттік мекеме басшысына тағайындау фактілері кездесуде. Жыл басынан осындай екі факті анықталып отыр. Осыған орай, ҚР ӘҚТбК-нің 681-бабымен, яғни, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін Арал және Жалағаш аудандық білім бөлімдерінің лауазымды тұлғаларына әкімшілік істер қозғалып, айыппұлдар салынды», - деді.
Конференция қорытындысымен департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев білім саласында заңсыз ақша жинау фактілерін жоюды қатаң ескертіп, білім бөлімдерінің басшылары оқушылар арасында мәжбүрлі түрде ақылы тестілеу өткізуді болдырмауды және мектеп директорлығына тағайындау кезінде тек соттылық туралы анықтама талап етумен шектеліп қалмай, сыбайлас жемқорлық қылмыстылығына жан-жақты толық тексеруді бақылауға алуды тапсырды.
25 қыркүйек 2018 ж. 687 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области