Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗ БОЛАДЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗ БОЛАДЫ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы өткен жылдың сәуір айында жарияланды. Халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ой-толғамда тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, қазақ елінің рухани даму бағыты айқындалғаны мәлім. Мақала жарияланған алғашқы күннен бастап-ақ аралдағы ағайын қоғамның рухани жаңғыруына өз үлестерін қосуда.
Брифингте аудан әкімі М.Оразбаев Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Арал ауданында атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатты.
– «Рухани жаңғыру» бойынша 2018 жылға аудан бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Мәслен, жуырда Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – өмір аясы» атты ҚР мәдениет қайраткері Мұрат Сыдықовтың отбасылық ансамбльімен кездесу кеші болды.
Ал Тоқабай ауылында еңбек майталманы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қуаныш Бердімағанбетовтің 85 жылдығына орай еске алу шарасы мен ат бәйгесі өткізілді. Алдағы уақытта ҚР мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, белгілі журналист Шәкірат Дәрмағанбетовтың 90 жас және жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатыровтың 70 жас мерейтойын атап өту жоспарлануда, - деді ол.
Мемлекет басшысы қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін атап көрсетті. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады. Ендігі міндет – Елбасы тапсырмасын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларға басты назар аудару. Айта кетейік, теңіз төскейіндегі ауданда рухани жаңғыру саласы бойынша былтырғы жылдан бері ауқымды жұмыстар атқарылуда.
26 қыркүйек 2018 ж. 735 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области