ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА БІРГЕ!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен аймағымыздың барлық аудандарында "Парасыз болашаққа бірге!" атты акциясы өткізілуде.
Акцияның жалғасы ретінде бүгін департамент басшысы, Əдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абзал Мұхимовтың қатысуымен Жаңақорған аудандық мəдениет үйінде кең көлемдегі шара ұйымдастырылды.
Абзал Сансызбайұлы өз баяндамасында 2017 жылдың 9 айын 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 14,7 пайызға төмендеген. Бүгінгі күні мобильді топтың елді мекендермен ұжымдарда 100 ден аса кездесулер өткізіліп, 18000 нан аса азаматтар қамтылған. Жиын барысында аудан əкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембет, "Нұр Отан" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мажит Балқожаев ауданда атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады. Сонымен қатар, жиын соңында департамент басшысы "Нұр Отан"партиясы ғимаратында Абзал Мұхимов тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.