Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЛДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

АУЫЛДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА


Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылында ауданның 90 жылдық мерейтойы мен даңқты диқан, ақын, ұстаз Шәймерден Шегебаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Асыл тұлғалы азамат» атты мәдени-танымдық шара өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Сыр сүлейлерінің асыл мұралары рухани жаңғырудың қайнар көзі екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, талай талантты үлкен өмірге қанаттандырған Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толу мерейтойы аясында ұйымдастырылып отырған игі шараның маңыздылығын атап өтті.
Есімі халық жадында сақталған шайырдың өнегелі өмірі жолын туралы еңбек ардагерлері – Бекдәулет Маханов, Нұртілеу Салықов, Сәду Шалабаев, Қанибек Шәйменәлиев, Раунақ Берманова, Ағайша Нұрғалиева тарқатып айтса, Ақжар ауылының әкімі Ерлан Бисембаев пен ұрпақтары атынан Зал Шегебаев лебіздерін жеткізді.
Келесі сәтте сахна төріне жыраулар шықты. Сыр өңірінде жыраулық өнерді әспеттеп, аталар жолын жалғастырып келе жатқан танымал жыршы-жырау Серік Жақсығұлов, Дінислам Тоқсанбаев жырдан шашу шашты. Ал Балтабай Бедебаев, Болат Баймұратов, Ақсұңқар Бүркітбаевтар Сыр сүлейлері Ешнияз сал, Балқы Базар, Шораяқтың Омары мен Тұрмағамбет ақынның жыр-термелерін нақышына келтіре орындаса, ауыл өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.
Шара аясында ауыл жастары арасында Ш.Шегебаевтың өнегелі өмірі жайлы және өз шығармашылықтарынан өлең оқу мақсатында ұйымдастырылған «Өмір – ұзақ жол» атты жас ақындар мүшәйрасында үздік деп танылған бір топ жас ақынға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылған жарыс шара көрігін қыздыра түсті. Бес салмақ дәрежесі бойынша өткен бәсекеде Нұрдәулет Бәкір, Ерболат Алмабай, Мағжан, Әділжан Алтынбекұлы мен Думан Мақсатұлы сынды бозкілем шеберлері жүлдегер атанды.
Соңынан ұлттық ат спорты жарысы ұйымдастырылды. Алдымен тай жарысы өтті. Бұл жарыста қазалылық Кенжетай Орынбайдың жүйрігі топ жарды. 24 шақырымдық аламан бәйгеге 11 жүйрік қосылды. Аламанда оқ бойы суырылып шығып, мәреге бірінші жеткен шиелілік Мұқсұт Арыстанбектің «Еркетайы» бас жүлдені жеңіп алып, абырой биігінен көрінді.
«Жақсының аты өлмейді», деп дана халқымыз айтқандай, ізгі істерімен ел есінде жатталып қалған аталардың өнегелі істерін өскелең ұрпаққа насихаттау – біздің азаматтық борышымыз.
01 қазан 2018 ж. 849 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области