Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ӘЛЕМДЕГІ ҮШІНШІ ЗАУЫТ

ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ӘЛЕМДЕГІ ҮШІНШІ ЗАУЫТ


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-конференцияда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова өндірісте жаңа технологияларды қолданатын және де өнімі экспортқа бағытталған бірқатар жобалардың жүзеге асырылу барысын баяндады.
Айталық, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауыты заманауи технологиялармен жабдықталған әлемдегі үшінші зауыт болмақ. Әзірге мұндай зауыт тек Жапония мен Қытайда бар. Сондықтан бұл зауытты аталған өндіріс саласында әлеуеті жоғары Финляндия, АҚШ, Бельгия және Италияның компаниялары жабдықтайды.
Соңғы үш жылда жұмысы қайта жанданған «Шалқия» кенішін игеруде де тиімділігі жоғары жаңа технология пайдаланылады. Кәсіпорында руда тік конвейерлі инновациялық әдіспен өндіріледі. Әлемнің жетекші елдерінің мырыш-қорғасын өндіретін энергоүнемді жаңа технологияларын қолдану арқылы межеленген экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл жерде игерілетін руда терең өңделеді және қажетті металдың үлесі де айтарлықтай артады. Сонымен қатар, өндіріс барысында неміс технологиясын қолданатын үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Вейлер неміс компаниясының құрал-жабдығымен жабдықталған, «РМЗ- Шапағат» ЖШС-ның үй құрылысы комбинаты бүгінгі заман сұранысына сай бірегей жоба десек болады.
02 қазан 2018 ж. 596 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области