АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан ардагерлер қай салада да баршылық. Жылдағы дәстүр бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы бірқатар сала ардагерлеріне құрмет көрсетті. Тыл ардагерлері - Төлеген Жылқыбаев, Мария Платонова, сала ардагерлері - Сейітжаппар Смайылов, Әбдуәли Мұсаев, Торыбай Үсенов, Асылбек Ақбалаев, Мұрат Домалатов, Галина Родич секілді және тағы басқа да бұрынғы әріптестерін облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының кеңесшісі, «Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан Қазақстандық Ұйымы» қоғамдық бірлестігінің филиалы – «Қызылорда облысы төтенше жағдай бөліністерінің ардагерлер ұйымының» төрағасы Т. Ботабаев пен Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Е.Әлішеров бастаған сала мамандары ардагерлер күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында ардагерлерге арнайы қаржылай және азық-түлікпен сый-сияпат табысталды.
Қызылорда облысы ТЖД
Пікір 1