Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰРЫЛЫС – ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ

ҚҰРЫЛЫС – ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДЫҢ КӨРСЕТКІШІ


Құрылыс саласының дамуы, елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайының арта түсуіне тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары облыста құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Биылғы жылы жалағаштықтардың да көкейлерінде жүрген мәселелері оң шешімін тапты. Бірнеше құрылыс нысандары пайдалануға беріліп, жұртшылық үлкен қуанышқа бөленді.
Жаңадан ашылған ғимараттардың алғашқы сапында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің ғимараты тұр. Қанша жылдан бері талапқа сай жабдықталмаған, тозығы жетіп ескірген, іші тар ғимаратта орналасқан тәртіп сақшылары маусым айында жаңа типтегі ғимаратқа көшті. Ішкі істер бөлімінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты Қазақстан полициясының 26 жылдығы қарсаңында өтті.
Бұл жылдың жағымды жаңалығы мұнымен тоқтаған жоқ. Ауданға қарасты Мырзабай ахун ауылдық округінде де жаңа ауыл әкімшілігі ғимараты салынды. Іргелі елді мекен тұрғындарының көкейтесті мәселелерінің бірі шешімін тауып, үлкен қуанышқа бөленді. Жаңа әкімшілік ғимаратының көлемі 149,33 шаршы метрді құрайды. Зәулім де жарық, жылы да кең ғимаратта әкімшілік қызметкерлері тұрғындардың күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыпты деңгейде, үзіліссіз жүргізілуі үшін күш салуда.
Қазақта «Қос дүниең абат болсын, қос тойың қабат болсын» деген сөз бар. Бірнеше жаңа ғимарат пайдалануға берілген Мәдениет ауылы үшін бұл жыл тарихи оқиғаларға толы болды. Ауыл орталығынан 90 орындық балабақша, 150 орындық клуб және спорт кешені бой көтерді.
Астана қаласының 20 жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл көркін аша түсетін, халқына берер пайдасы мол 90 орындық балабақша ашылып, көпшілікті бір қуантып тастады.
Тіректі ауылда келесі бой көтерген жаңа нысан – 150 орындық клуб.
Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», – деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті» деген еді. Елімізде мәдениет саласын дамытуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалып отыр. Соның ішінде ауылдың мәдениетін көтеру, көркейту басты міндеттің бірі болды. Осының негізінде жаңа ауылдық клуб ғимараты бой көтерді, елді мекен мәдениетін әрі қарай дамытуға серпін берді. Жалпы ауданы 849,57 шаршы метрді алатын жаңа нысан маусым айында пайдалануға берілген болатын. Ендігі жерде ауыл тұрғындарының жиналып, түрлі рухани кештер, шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай бар.
Осы жылы қос қуаныштан соң мәдениеттіктер тағы бір жаңа нысанның ашылуының куәсі болды. Елді мекенде жаңа спорттық кешен бой көтеріп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Спорт кешенінің ашылуы, әсіресе, ауыл жастарына үлкен қуаныш сыйлады. Осы уақытқа дейін спорт мектебінде жаттығып жүрген балаларға бүгінде заман талабына сай жабдықталған спорт кешенінде уақыт өткізулеріне толықтай мүмкіндік жасалды. Онда бокс және күрес үйірмелері жұмыс жасайды. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту жұмыстары қолға алынды. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы арқылы салынған спорт кешенінің бас мердігері – «Айдана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ғимараттың жалпы ауданы 1027,98 шаршы метрді құрайды, сыйымдылығы 120 орын. Бұл нысан да маусым айында ашылып, мәдениет жұртшылығын қуанышқа бөлеген еді.
Қарап отырсақ, бұл жыл аудан жұртшылығы үшін игі істер мен жарқын бастамалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүзеге асқан мерейлі жыл болды. Шынында, құрылыс – қарқынды дамудың көрсеткіші. Ынтымақ пен бірлікті үлгі еткен жалағаштықтардың алар асуы алда.
11 қазан 2018 ж. 711 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области