Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ ТҰҒЫРЫНА ҚОНДЫ

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ ТҰҒЫРЫНА ҚОНДЫ


Биыл айтыстың ақтаңгері Манап Көкеновтың туғанына 90 жыл толды. Мерейтой аясында ақынға арналған мәдени-рухани шаралар ауыл-ауылда өтіп, аудан орталығында қорытындыланды. Яғни, ақынға ескерткіш-бюст қойылып, соңы ақындар айтысына ұласты. Оған аймақтың зиялы қауым өкілдері, көзін көрген үзеңгілес замандастары қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өрбіген шарада алғы сөз алған аудан әкімі Ғалым Әміреев: – «Қалың бұқарамен біте қайнасып ғұмыр кешкен Манап Көкенов өзінің бойындағы бүкіл дарын қуатын сүйікті еліне арнады. Ұмытыла бастаған айтыс өнерін қайта тірілтуге күш салды. Әрі айтыс өнерінің көркемдік дәрежесін көтеріп, өзінен кейінгі ақындық дәстүрді жалғастырушы жастарға ұлағатты ұстаз бола білді. Ол республиканың мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтың мәдени-рухани қуатын көтеруге, әл-ауқатын арттыруға елеулі еңбек сіңірді. Сондықтан ақынды қалай ұлықтасақ та жарасады, – деді.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов және ауданның белгілі ақсақалдары ескерткіш-бюстің лентасын қиды.
Айта кететіні, сөз зергері халық ауыз әдебиетінің жауһарларын жинап, аудандық, облыстық басылымдарға жариялап, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді қайта тірілтті. Драмматургия саласында да қалам сілтеді. Пьесаларды жазып ғана қоймай, көпшілігінің басты рөлінде өзі ойнады. Әбділда Тәжібаев осындай сан қырлы қабілет-қарымына болса керек-ті «Манаптың бір өзі – бір театр» деп жоғары баға берді.
Ақынның жыр маржандары «Сырдария саздары», «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы», «Ақын-жыраулар», «Халық поэзиясы және бүгінгі өмір», «Шұғыла», «Жыр шашу», «Бір қыз бен он алты ақын», «Сыр әуендері» атты кітаптар мен отыздан астам ұжымдық жинақтарда жарық көрді.
Қарымды қаламгер Бақтыбай Айнабеков естелігінде:
– ...Қазақстанның Халық ақыны, Жазушылар одағының мүшесi, Қазақ ССР-нiң еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, СССР Мәдениетiнiң үздiгi, Одақтас және республикалық ақындар айтыстарының бiрнеше дүркiн жеңiмпазы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiнiң иегерi, облыстық советтiң депутаты...
Айтсақ созыла бередi. Осы бiр тiзбектелген абыройдың арғы жағынан Мәкеңнiң елге артқан мейiрiмге толы үмiттi жүзi күлiмсiрей көрiнедi... – депті.
Енді айтыстың дүлдүлі Манап Көкенов өзі еңбек сіңірген мәдениет үйінің алдында тұғырға қонып, «елге артқан мейiрiмге толы үмiттi жүзi күлiмсiреп» тұрғандай.
Тоқсан жылдықтағы толымды іс осы болды!..
24 қазан 2018 ж. 756 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области