Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Елбасының ағымдағы жылдың қаңтар айындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырған «Педогогикалық идеялар панорамасы» атты республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті. Байқау бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтап, насихаттай отырып, олардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттырады. Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер жасау арқылы сайысқа түсіп қатарынан оза шауып келген жеңімпаздар марапатталды. Салтанатты шара «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында болып өтті.
Шара барысында институт директоры Б.Елеусінов сөз алып, байқау кезінде жасалған жұмыстар туралы айтып өтті. Республикалық байқаудың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «үздік» деп танылған 63 жеңімпаз дипломдармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарының бейне-сабақтары республикалық кезеңге жолданды.
Педагогтерге арналған кеш барысында байқау қатысушылары өз лебіздерін білдіріп, дайындық кезінде кездескен қиыншылықтары мен қызықты сәттерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұжымына педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді.
30 қазан 2018 ж. 771 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области