Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы Сыр өңірінде орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерінде «ҚР Қарулы Күштерінде құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде 2016-2018 жылдарға арналған бағдарламасы», «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы Мемлекеттік бағдарламасы» және «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламаларын іске асыру мақсатында кездесу жұмыстарын дәстүрлі түрде ұйымдастырады.
Аталған бағдарламаларды кеңінен түсіндіру мақсатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты 2019 әскери бөлімінде кездесу өтті. Жиының мақсаты әскери ортада құқықбұзушылықтың алдын алу, теріс қылықтар мен қылмыс жасағандағы жауапкершіліктердің қатаңдығын заң аясында түсіндіру.
Кездесуде барысында жеке құрамды Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбиені қалыптастыру бағытында баяндамалар тыңдалды. Атап айтар болсақ, теолог маман Б.Оспанов Қазақстан Республикасындағы тыйым салынған діндер туралы ақпаратты толыққанды жеткізді. Дін тақырыбында қозғалған мәселелерге қатысты қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Уақыт талабына сай ел іргесінің тыныштығы мен ел ішінің бірлігін сақтауда әр шекарашының діни және құқықтық сауаты жоғары деңгейде болуы қажет.


Қызылорда гарнизонының
әскери прокуратурасы
04 қараша 2018 ж. 471 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области