Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КИІЗ ҮЙ АТАУЛАРЫ

КИІЗ ҮЙ АТАУЛАРЫ

Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй. Киіз үй ағаштан жасалады, киізбен қапталады, оның ішін әжелеріміз бен апаларымыз түрлі-түсті текеметтермен, оюлармен, басқұр-баулармен әсемдеп әрлейді. Киіз үйдің тұрмыстық пайдасымен қатар, педагогикалық мәні де зор, себебі киіз үйді құру үшін отбасының барлық мүшелері ат салысады.
Отағасы міндетті түрде шаңырақты көтереді, отанасы мен абысын-ажындар, сіңілілер уықтарды қадайды, ал кішкентай балалар уықтың көзіне бау өткізеді. Әже-апалар мосы құрып, ошақ қойып, қазан асып, киіз үй жиһаздарын орналастырады. Киіз үй – отбасының берекесі.

Киіз үй атаулары
Абылайша. Керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй.
Ақ шаңқан үй. Сүттей ақ, аппақ киіз үй.
Ақтағыр. Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
Жаппа. Керегесіз, киізбен жабылған баспана.
Жолым үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.
Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды.
Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.
Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.
Отау. Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.
Төңқайма. Бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.
Ұраңқай. Уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

Киіз үй жабдықтары
Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.
Бақан. Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға еректі ашалы ағаш.
Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.
Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.
Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.
Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.
Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.
Жел арқан. Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.
Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.
Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.
Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.
Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.
Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.
Уыққап. Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.
Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.




05 қараша 2018 ж. 3 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области