МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ—МӘРТЕБЕЛІ МІНДЕТ
Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жоспары ретінде ерекше маңызды. Осы маңызды құжаттың алғашқы он бес қадамы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» деп аталып, дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға арналып отыр. Яғни, мемлекеттік қызметте өз ісін жетік меңгерген кәсіби білікті, адал да талантты және құқық бұзушылықтарға төзбейтін азаматтардың қызмет етуі.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және сыбайлас жемқорлық індетінен арылу үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңдары мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қабылданды.
«Әдеп кодексі» – мемлекеттік қызметкерлердің қызметте, күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын бекітті және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәдениетін қалыптастыруға, адамгершілік, моральға жат қылықтарға қарсы негізделген, сонымен қатар, Қазақстан халқының бірлігі мен ұлтаралық татулығын нығайтуға, мемлекеттік тіл мен өзге де тілдерге, салт-дәстүрге сыйластықпен қарауға шақырады.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы, қызметтен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы қоғамның мемлекеттік органдарға деген сеніміне әсер етеді, мемлекеттік қызметкердің қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау және оның әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметкер деген атаққа кір келтірмеуі керек, сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметкер қашанда жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары тиіс. Барлық мемлекеттік қызметкерлереліміздің одан әрі өркендеуіне аянбай еңбек етіп, күш-жігерінегеменді еліміздің дамуына жұмсап, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермей халық игілігі үшін жауапкершілікпен қызмет атқаруы керек.
Н.САҒЫМБАЕВ,
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
жетекші маманы.