Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҒАНИ МҰРАТБАЕВ МУЗЕЙІНЕ – 50 ЖЫЛ

ҒАНИ МҰРАТБАЕВ МУЗЕЙІНЕ – 50 ЖЫЛ

Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінің ашылғанына – 50 жыл толу мерекесіне орай ауданымызда ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, облысқа белгілі қолөнершілердің және Қазалы аудандық «Жас прожект» жобасы аясында жұмыс жасайтын шеберлердің көрмесі болып өтті.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы музейлердің рөлі» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция отырысы да өткізілді. Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен ұлт руханиятына өз үлестерін қосып жүрген профессор-ғалымдар, қолөнер шеберлері қатысты. Ғалымдар өздерінің баяндамаларында музейдің қоғам өміріндегі ерекшелігіне тоқталды.
Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар ғалымдар мен қолөнер иелеріне аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Көздің жауын алар әдемі, қазақи дүниелерін қалың көпшілікке тарту еткен қолөнер шеберлеріне аудан халқы өздерінің алғыстарын жеткізді.



09 қараша 2018 ж. 973 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области