Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ САРАЛАНДЫ

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ САРАЛАНДЫ


Қазалы ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау бағытында қолөнер шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді. Ілкімді ісмерлер додасын Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, белгілі әнші Ғалия Оспанова ашып, барлық талапкерлерге сәттілік тіледі.
Аталған байқауға 11 ауылдық округтен және Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының мектептері және балбақшаларынан 25 қолөнер шебері қатысып, екі кезең бойынша өнерлерін сарапқа салды.
Қорытындысында Қазалы қаласындағы «Ақерке» бөбекжай балабақшасының өнерпазы Жазира Толыбай бас жүлде иемденді. Өркендеулік Ақтілек Дінислам бірінші орын алса, екінші орын №17 орта мектеп шәкірті Салтанат Даниярова мен қожабақылық Аида Елтайға берілді. Үшінші орынды құмжиектік Ерлан Әбдіразақ пен бірліктік Ақтілек Матығұл және әйтекебилік Әкімбек Баекеев өзара бөлісті. Жалаңтөс баһадүр ауылынан келген Жанат Ержігітоваға «Көрермен көзайымы», Абай ауылынан қатысқан Назерке Сайын «Шебер ару» номинациясымен және қалған қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталды.
24 қазан 2018 ж. 1 021 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области