Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар жалпыхалықтық диктантқа белсенді қатысты

Қызылордалықтар жалпыхалықтық диктантқа белсенді қатысты


Бүкіл республика бойынша латын әліпбиіндегі «Рухани жаңғыру» тақырыбында жалпыхалықтық диктант өтті.
Бұл тарихи маңызы зор шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлері де өз жерлестерімен бірге белсенді қатысты. Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау мақсатында ұйымдастырылып отырған диктантқа бір мезетте филиалдың барлық қалалық, аудандық бөлімдерінен 200-ге жуық маман қатысты.
«Біз жалпыхалықтық диктантқа алдын ала ұжымымызда жиын өткізіп, латын әліпбиінің ережелерімен таныстық. Сондықтан бүгінгі жазба жұмысы мен үшін өте жеңіл өтті. Менің ойымша, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру ешқандай қиындық туғызбайтын секілді», - дейді филиал маманы Ләззат Юсупова.
Айта кетейік, жалпыхалықтық диктанттың мақсаты – сауаттылықты тексеру емес, латын графикасында жазу дағдыларын қалыптастыру.
Жалпыхалықтық диктантқа қармақшылықтарда белсене қатысты. Латын әліпбиі негізінде «Рухани жаңғыру» тақырыбында диктантты 7000-ға жуық аудан тұрғыны жазып шықты.
Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, "Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері" жобасын басшылыққа ала отырып, практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу мақсатында "Rýhanı jańǵyry" ́тақырыбындағы жалпыхалықтық диктант жазудан Арал ауданынының халқы да қалыс қалмады.
Білім беру саласының мамандары мен оқушылар, денсаулық және спорт, әлеуметтік сала, мәдениет үйінің мамандары, мемлекеттік қызметкерлер және басқа да саланың мамандары жаппай диктант жазуға қамтылған.
Бұл сыннан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мелекеттік мекемесінің құтқарушылары да өтті.
Диктантқа жалпы білім беру орындары мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері және 15 жастан жоғары оқушылар қатысты.



15 қараша 2018 ж. 503 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области