Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңа міндеттер

Бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңа міндеттер

Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Пайда ойлама, арды ойла» атты диалог алаңы өтті.

Басқосуға аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, журналистер қатысты. Басқосудың мақсаты мен бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңа міндеттері жайлы сөз қозғаған орталық директоры Н.Мыңжас бүгінгі қоғамдағы прагматизмге ерекше тоқталды.
Диалог алаңына келген ардагер С.Аңсат бүгінгі қоғамдағы ысырапшылдық, астамшылдық жайлы кеңінен сөз қозғады. Ардагер қазіргі тойдағы ысырапшылдыққа ерекше тоқталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан шаралар бұқаралық сипат алмайынша, қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін емес екенін айтты.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қожамберлиев «Рухани жаңғыру» орталығының аз уақытта атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Ол өз сөзінде «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында санамыздың ісімізден озық болуын атап көрсетті. Ендеше ең алдымен ойымызды өзгертуіміз керек. Бізге ұлттық сана деңгейінде әрекет ету жетіспейді. Кеше ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» алдағы уақытта осы мақсатқа жетуге зор ықпал жасайды», - деді.
Жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес, «Тіл сақшысы» газетінің редакторы С.Аңсат, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің оқытушысы Ж.Сыдықова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жаңа мазмұнда жүзеге асыруға байланысты өз ұсыныстарын білдірді.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бағдарлама Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген жаңа жобалармен жалғасады. «Архив -2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Дала фольклорының антологиясы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобалары бойынша өңірде көптеген зерттеулер қолға алынбақ. Бұл орайда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы алдағы жоспарымен таныстырды. Олардың қатарында «Алаш қайраткерлерінің аллеясы», «Алаш-кеңес қайраткерлерінің Ақмешіт-Қызылорда кезеңі» атты анықтамалық және суретті кітап шығару, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы жылы аясында «Науаи және Абай шығармашылығы: түркілік және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар концепциясы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы, «Қорқыт ата кітабы және Сыр бойында туған оғыз-қыпшақ эпостары» тақырыбындағы халықаралық симпозиум өткізу секілді мазмұнды шаралар қарастырылған.
Басқосуда айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта аудандарда талқыланып, ортақ шешімге келмекке, нақты іске көшпекке уағдаласты.
26 қараша 2018 ж. 488 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области