Жас өлкетанушылар Түркістанға саяхат жасады
Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сыр елі және ХХІ ғасыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жыл басынан бері «Тарих толқынында» атты облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсияларға жас жеткіншектер баруда.
Бұл ретте жас өлкетанушылар Түркістан облысына жол тартты. Онда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб ескерткіштері мен Отырар қаласында болды.
«Саған келіп тілесін, маған келіп түнесін» деген аңызға сәйкес жастар әуелі Арыстан баб ескерткішіне барды. Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауиді біріктірген аңыздарды естіген оқушылар сұрақ үстіне сұрақ қойып, өзара пікір алмасты.
Оқушылар сапарларын ежелгі Отырар қаласынан тәмәмдады. Қазба жұмыстары өтіп, қайта жөндеуден өткен ежелгі қалашықтан алған әсер керемет болды.
Танымдық экскурсияда филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы Б.Әбжет жол бастап, жастарға мол мағлұмат берді.