Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2019 жылы Қазақстанда барлық мемлекеттік орган үшін бірыңғай сайт іске қосылады.

2019 жылы Қазақстанда барлық мемлекеттік орган үшін бірыңғай сайт іске қосылады.


Бұл туралы Алматыда өткен ХІ «Медиақұрылтайда» ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Бекзат Рақымов таратып айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бекзат Рақымовтың айтуынша, 2019 жылдан бастап министрліктерден ауыл әкімдіктеріне дейінгі барлық мемлекеттік органның интернет ресурстары жабылады.
«Сайттар мен әлеуметтік желілер — бөлек дүниелер. 2019 жылы мемлекеттік органдардың 396 сайтының барлығы жабылып, сатылай мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының gov.kz бірыңғай платформасына көшеді. Ақпаратты көшіру кезінде меморгандар сайттары мен gov.kz қатар жұмыс істейді. Көшу процесі аяқталған соң мемлекеттік органдардың жеке сайттары жабылып, барлығы бір ресурсқа шоғырланады», — дейді Бекзат Рақымов.
Дамыған елдердің үлгісі бойынша, gov.kz-ке мемлекеттік органдардың жұмысы, саясат туралы ақпарат, құқықтық нормалар актілері шоғырландырылады.

«Бұл ақпараттық ресурс мемлекеттік қызмет көрсетпейді. Яғни egov мұнымен қатарласа өз қызметін атқара береді. gov.kz сайтының міндеттерінің бірі — мемлекеттік органдардың, «шенеуніктер тілін» тұрғындарға түсінікті тілге бейімдеу», — деді ол.
2019 жылы елімізде меморгандардың ортақ сайт іске қосылады Сайтты әзірлеу барысында қауіпсіздік талаптары ескерілген. Ол жақсы қорғалған мемлекеттік серверлерде іске қосылады. Қазір үш тілді сайтты әзірлеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

«Оның бюджеті туралы ақпарат кейінірек жарияланады, өйткені жұмыс аяқталған жоқ», — деп түсіндірді Бекзат Рақымов.


03 желтоқсан 2018 ж. 531 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области