Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жыл соңына дейін "құрылыс туралы" заң қабылданады

Жыл соңына дейін "құрылыс туралы" заң қабылданады

Елбасының биылғы Жолдауында құрылыс саласына мемлекеттік тұрғыдан бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда, бүгінде Парламент қарауында жатқан «Құрылыс туралы» жаңа Заң жобасы жыл аяғына дейін қабылданады деп күтілуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев мәлімдеді.
Айта кету керек, аталған Заң қолданысқа енгеннен кейін сәулет-құрылыс саласындағы нормативтер мен ережелер түбегейлі өзгеретін болады.
Бүгінде басқарма тарапынан аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес саладағы бақылау-қадағалау қызметінің сапасын арттыру бағытында бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырған.
Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаевтың айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген 30 млн. 322 мың теңге қаржыға лаборатория автокөлігі, заманауи бақылау-өлшеу құралдары, нарықтағы аккредиттелген құрылыс компанияларымен көрсетілетін зертханалық қызметтер сатып алынды және мамандар арнайы киіммен, жеке қорғану құралдарымен жабдықталған.
13 желтоқсан 2018 ж. 383 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области