Биыл қар аз жауады деген болжам бар
2019 жылғы қаңтар айында ауаның орташа айлық температурасы мөлшер шамасында (мөлшері 10,6 аяз…4,7 аяз) және қар мөлшерден аз (мөлшері 8...19 мм) жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Қазгидромет» Қызылорда филиалына сілтеме жасап.
Ақпан айында суық ауа массаларының енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы 1...2 °С төмен болмақ, мөлшері 9,6 аяз…2,2 аяз. Жауатын қардың мөлшері облыста мөлшерден аз болады.
Наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы мөлшерден 1 °С жоғары (мөлшері 1,4 аяз…4,8 жылы). Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан көп (мөлшері 14...18 мм) жауады деп күтіледі.