Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда арзан маркет дисконт орталығы ашылды

Аралда арзан маркет дисконт орталығы ашылды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында аудан орталығынан «Арзан Маркет» дисконт орталығы ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты.
«Кәсіп иесіне халықтың сұранысына, қоғамның талабына сай игiлiктi iстiң үлгiсiн танытқанына ризашылығымды білдіремін. Жаңа дисконт орталығының халық ықыласына бөленетін, ауданның дамуына үлес қосатын орынға айналсын дей отырып, кәсіптеріңізге береке мен табыс тілеймін!»- деді аудан әкімі.
Мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов сөз алып, ақжарма тілегін жеткізді.
Жеке кәсіпкер Болат Абраевтың бастамасымен ашылған бұл орталықта халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағада сатылады.
Бұдан бөлек, ет павильоны, жеміс – жидек сататын арнайы бөлік, «Арзан Фарм» дәріханасы, екінші деңгейлі банк өкілдері және ұялы байланыс операторлары орналасады. Сауда орнында алкоголь және темекі өнімдері мүлдем сатылмайды.
Кәсіп иесі осы кәсібі аясында 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.



15 желтоқсан 2018 ж. 780 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области