Тәуелсіздік күнін атап өтті
Тәуелсіздік күнін Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде іс-шара өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агентігі.
Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов барша ұжым қызметкерлерін және құтқарушыларды, ардагерлерді осы айтулы күнмен құттықтады.
«Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 27 жыл ішінде Қазақстан зор табысқа жетті. Тәуелсіздік – біздің көп ұлтты еліміздің баға жетпес құндылығы, мәртебесі. Тәуелсіздік – бұл бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі, адам қызығушылығының қорғалуы, бостандық пен берекенің символы. Елбасының халыққа жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалуы да әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартатындығы анық», - деді Омар Бержанов.
Шара барысында департамент басшысы бірқатар қызметкерлерді ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің және департаменттің мерекелік Алғыс хаттармен марапаттап, төс белгілер табыстады.
Іс-шара соңы Абылай хан атындағы колледждің студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.