Заңды бұзған полиция қызметкері сотты болды
Қармақшыда полиция қызметкері ведомстволық көрсеткіштерді жақсарту үшін жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалау дерегі анықталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтар болсақ, криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі бұрын сотты болған Е.-ні ақталмайтын негіз бойынша қысқартауға жататын екі ұрлық жасады дегенге көндірген. Ол заңғы қайшы бұл іс-әрекеті арқылы қылмыстың ашылуының жалған тиімділігін көрсеткен.
Жалған куәгердің осы айла-шарғыға қатысқаны үшін полиция қызметкері оған сыйақы уәде еткен.
Бұдан бұрын азамат Е. бөтен мүлікті ұрлағаны үшін 26 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тараптардың татуласуымен іс қысқарған.
Соттың үкімімен жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкері екі жылға бас бостандығынан айрылды.
Айыпталушыға қатысты үкім заңды күшіне енді.